Қазіргі «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінің тарихы Бөрлі ауданы құрылған 1935 жылдан бастау алды. Одан бері газет атауы «Колхозная правда», «Знамя Октября», « Красный луч» болып бірнеше рет өзгерді. 1991 жылдан бастап қазақ тілінде «Достық үні» газеті де шығарылды.

 

Ал 1994 жылдың сәуір айынан  екі газетінің орнына «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газеті өмірге келген болатын. Аудан айнасының алғашқы редакторы Олег Алексеевич Перегудов болды. Аудандық газет – аудан айнасы, шежіресі . 1935 жылдан бергі тарихы,еңбеккерлер, соғыс және тыл ардагерлері, есімі облысқа, республикаға белгілі адамдар өмірі, Қарашығанақ кен орнының тарихы, облыс, аудан, республика өмірініе қосқан экономикалық жемісі жайлы талай мазмұнды да көлемді әңгіме, репортаждар жазылды.

 

Осының барлығына редактор болып еңбек еткен журналистер С.Абылаев, Ж.Кушкеева, Қ.Қадыралиев, И.Жүсіпқалиевтердің қосқан үлестері көп.

 

1997 жылдан бастап компьютерліу технологияға көшіп, жаңа баспаханаға құрудың сәті түсті.

 

№14 10/04/2014 ж. Қ.Гусманов ардагер журналист.