Көпшілікке белгілі мұнай-газ конденсаты кен орнының еліміздің Көпшілікке белгілі мұнай-газ конденсаты кен орнының еліміздің экономикасындағы маңызы зор.

 

Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны - Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы жерінде, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны. Елде өндірілетін барлық газдың 45% және мұнайдың 16% құрайды. 2013 жылы КПО 136 миллион баррель мұнай эквивалентін өндірді. Кен орны 1979 жылы ашылған.

 

Көтерілім құрылғының биіктігі 1700 м, аумағы 16×29 км. Кен шоғыры мұнайлы, газды, конденсатты. Газконденсатты бөлігінің биіктігі 1420 м, мұнай қабатының қуаты 200 м.

 

Қарашығанақ кен орнын алғаш ашушылар С.М.Камалов, С.Ф.Лапшин, А.Ж.Жарылғасов, В.М.Казаков, В.П.Лабазов, Л.В.Труфанов, Н.П.Кобышев, В.Я.Середин.

 

 

Қарашығанақ бірлескен ұйымы, КИО ( Karachaganak Integreated Organization) – Қарашығақ кен орнын басқаратын құрылым. Қарашығанақ кен орнын игеру технологияларын жетілдіру мақсатында 1995 жылы Тапсырысшы тарап – Қазақстан (Қазақойл) мен мердігерлік ұйым КИО арасында «Өнімді бөлу туралы келісімнің» 1-кезеңі жасалды. 1997 жылы мәмілелесуші тараптар 40 жылдық мерзімге арналған «Өнімді бөлу туралы негізгі келісімге» (2-кезең) қол қойды. Бұл кезең Үлкен Шаған – Атырау құбырын іске қосып, сұйық өнім өндіру қуатын жылына 9 млн. тоннаға, газды кері айдау мөлшерін 6,5 млрд м3-ге жеткізу көзделді. Сол үшін КИО 2,0 млрд АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция салды.  

 

 

Батыс Қазақстан кең орнының ашылуы – мыңдаған жұмыс орнының пайда болуына, аймақты әлеуметтік қайта құруға, мәдени және білім беру жобаларының жүзеге асуына жол ашты.