• Волков Филипп Григорьевич

 

Волков Флилипп Григорьевич – 1901 жылы Черкас облысы, Катернополь ауданы,  Лисичья Балка ауылы, шаруалар отбасында дүниеге келген. Ұлты – орыс. Столыпин реформасы кезінде Филипп Григорьевич ата-анасымен бірге Батыс Қазақстан облысы , Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылына көшіп келіп, бастапқы білімді  Бөрлі ауылында  алады.

          Жас жігіт кезінде Азаматтық соғысқа қатысып, соғыс аяқталғаннан кейін Бөрлі ауылына қайтып келеді. Жергілікті колхозды құруға қатысып, онда темірұстасы болып жұмыс жасайды.

         1941 жылы тамыз айында Филипп Григорьевич  Бөрлі ауданы Қазақ КСР-нің Қызыл Армия қатарына шақырылады. 1943 жылғы желтоқсаннан бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. 1 –ші және 2 – ші Украин майдандарында шайқасты.

            1945 жылғы наурыз айының соңында – сәуір айының басында Чехословакияны босатқан кезде  Волков Ф.Г. өзінін ерлігімен, батылдығымен ерекшеленді

           1945 жылғы 27 наурызда Возокани ауылына шабуыл жасаған кезде, 8 сағат батпақта отырып, Новызамки қаласына бастау алып келе жатқан немістің екі көлігі  мен бронетранспортың және Гитлердің 15 сарбазының көзін жойды .

          Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Филипп Григорьевич өзінің туған жеріне айналған Бөрлі ауылына қайта оралады. Ол елеусіз қалған шаруашылықты қалпына келтіруге белсене қатысады.

             Соғыс кезінде алған жарақаттарынан денсаулығы сыр беріп, Филипп Григорьевич 1949 жылы  дүниеден озды.

Филипп Григорьевич Бөрлі ауылының зиратында жерленді. Бірақ бірнеше жыл өткеннен кейін Жеңіс күнін тойлау кезінде оның зираты орталық Жеңіс саябағына көшірілді.

           Ол Ленин, 3 дәрежелі Даңқ ордендерімен, медельдармен марапатталды.

        Кеңес Одағының батыры Волков Филипп Григорьевичтің құрметіне көше аты берілді.

 

  • Гончаров Николай Николаевич
  • Дьяченко Борис Андреевич
  • Жандосов Киян
  • Загуменов Антон
  • Игнатова Людмила Михайловна
  • Иксангалиев Есембулат
  • Канатов Сабит Куппулович
  • Ковалев Алексей Леонтьевич

 

       Ковалев Алексей Леонтьевич – Батыс Қазақстан (бұрынғы Орал) облысы, Бөрлі ауданы,  Бөрлі кентінде 1925 жылдың 10 мамырында дүниеге келген.  Қызыл Армияның қатарына 1942 жылдың  наурызында шақырылды. Гвардия сержанты, дивизиялық барлаудың  барлаушысы. 2 – ші гвардиялық Богдан Хмельницский орденді Запорожьелік  атқыштар дивизиясының  құрамында соғысты. Украина, Белоруссия, Польша, Германия жерлерін шайқаспен өтіп, азат етті. Берлин шабуылына қатысып, ауыр жарақат алған. Әскери ерліктері үшін сержант А.Л.Ковалев  І дәрежелі Даңқ (15.05.1946), ІІ дәрежелі Даңқ (18.05.1945), ІІІ дәрежелі Даңқ (21.12.1944), Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы (1985) ордендерімен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «Үздік барлаушы» белгісімен және он мерейтойлық медальмен марапатталды. 1953 – 1982 жылдарда кіршіксіз қызмет еткені үшін Киев қаласы Мәскеу ауданы өрт сөндіру күзеті бөлімі  бастығының орынбасары, подполковник Алексей Леонтьевич Ковалев «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне  ерлік еңбегі үшін» (1970) және  «Еңбек ардагері» (1982) медалімен марапатталған. Жастарға  әскери – патриоттық  тәрбие берудегі  еңбегі үшін  СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. Біздің жерлесіміз, даңқ орденінің  толық кавалері Алексей Леонтьевич Ковалев 1997 жылы 7 қыркүйектің  таңында қайтыс болды. Киев қаласындағы Байковое зиратында жерленген.

 

  • Мухортов Георгий Федорович
  • Ланцев Виктор Александрович

 

Ланцев Виктор Александрович – 1924 жылы 5 мамыр күні Саратов облысында дүниеге келді.1942 жылы 27 тамызда әскер қатарына шақырылды.  Ол Пугачев қаласында жас жауынгердің курстарында білім алды. 1943 жылы 1 қаңтарда Курск шыңы, 226 – шы атқыштар дивизиясына  жіберілді. Курск, Украинаны азат етуге қатыстысып, жеңісті Австралияда қарсы алды.1949 жылы әскер қатарынан босатылып, БҚО, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылына келеді. Орман шаруашылығында жүргізуші болып қызмет атқарады. 1984 жылы зейнетке шығады.

 

  • Рублевский Иван Григорьевич 

 

     Рублевский Иван Григорьевич – 1926 жылы 19 қаңтар күні дүниеге келген. 1943 жыды Бөрлі ауылынан майданға шақырылды. Батыс Украина, Львов қаласы, Польша қалалары: Краков, Лодзь, Познань жерлерін азат етуге қатысты. Ерлігі үшін ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы, ІІІ дәрежел Даңқ  ордендерімен және 5 медальмен марапатталды. Соғыстан кейін 5,5 жыл Германияда қызмет етті. 1963 – 1986 жылдары Бөрлі ауданындағы «40 лет Октября» колхозында гараж меңгерушісі болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда Бөрлі ауылында тұрады. 

 

  • Черненко Николай Владимирович
  • Шепель Михаил Иванович

 

 

      Шепель Михаил Иванович – 1926 жылы 28 наурызда дүниеге келген. 1943 жылы Бөрлі ауданы Приурал ауылынан майданға шақырыыл, әуе десантына қабылданды. Майданда жарақат алған. Қызыл жұлдыз, Отан соғысы ордендері және көптеген медальдары бар.

     Соғыстан кейін қалпына келтіру кезеңі бөрліліктерге оңай тиген жоқ. Әйтсе де, күш-жігері мол халық біртіндеп басын көтеріп, есін жиды.