Ұлы Отан соғысының басталуымен аудан тұрғындарының бейбіт өмірі үзілді. Отан үшін қиын кезеңде Қазақстандық жұмысшылар еліміздің  басқа да елдердің өкілдерімен бірге неміс – фашистік басқыншыларына қарсы күреске қатысты. Соғысқа 4608 бөрліліктер кетіп, олардың ішінен 1821 – і шайқас алаңынан оралмады. 1600 астам қатысушылар ордендар мен медальдармен марапатталды. Совет  Одағының батыры атағын Бөрлі ауылының тұрғыны Волков Ф.Г. және Даңқ ордендерінің толық кавалері атағын  Ковалев А.Л.  иеленді.

Ауылдағы соғыс ардагерлерінің жоғары белсенділігін атап өткен абзал. Соғыс ардагері В. Н. Блинцовтың бастауымен, И. Я. Силуков, А. И. Сурин, В. Кимбаев, П. Н. Рябченко, т.б. қостауымен тал-теректер аллеясы отырғызылды.

   Колледжде, мектепте, кітапханада, мәдениет үйінде өтетін шараларға соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы Шепель М. И., Ланцев В. А. қонақ  ретінде жиі-жиі қатысып тұрады.

     Толық емес дерек көздерін бойынша, ауылдан соғысқа аттанғандардың ішінен 367 боздақ майдан даласында қалыпты. Бүгінде Бөрлі ауылында көзі тірі 2 ардагер бар.