Алғысөз

 

        

Әбділда Тәжібаев  осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді. Ә.Тәжібаев поэзиясын басқа бірде-бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес. Оның поэзиясы – тың ізденістің, жоғары мәдениеттің, кәнігі шебердің поэзиясы.

 

Бұл оқырман жадынамасы барлық қауымға арналады.

 

 

 

Әбділда Тәжібаев (1909-1998ж.)

 

«Мен ағамнан да, інімнен де үйрендім. Егер қажетіме жарап жатса, баламнан да үйренуді намыс көрмеймін»

 

                                      Әбділда Тәжібаев

 

 

Әбділда Тәжібаев — атақты ақын, көрнекті ғалым, танымал драматург, белгілі қоғам қайраткері. Қазақ әдебиетінің тарихында есімі алтын әріппен   жазылар ірі суреткер. Шоқтықты тұлға. Ол, сонымен қатар, әдебиеттану, театртану саласында да көп бейнеттенген ілім иесі. «Өмір және поэзия» (1960), «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» (1971) монографиялары, «Қазақ театр тарихының» I томы (1975) құрастырушыларының һәм редакторларының бірі болуы оның зерттеушілік қырларын эрқалай паш етер маңызды еңбектер.

   

Сондай-ақ, «Жылдар, ойлар» (1976) атты зерттеу кітабында да Жамбыл, Нұрпейіс, Нартай, Иса, М. Әуезов, А. Жұбанов, С. Мұқанов т.б. әдебиет, мәдениет қайраткерлерінің толымды кескіндемелерін тілге тиек еткен. Әр дауысты ақын Әбділдәнің өзі жүріп өткен өмір жолы қазақ әдебиеті мен мэдениетінің толық шежіресі деуге эбден негіз бар. Оның тағдыры — халқының тарихына айналған. Ол Сыр бойында дүниеге келген. Қаршадайынан жетімдіктің, жоқшылықтың кермек дэмін татып өскен Әбділдэ, көбінше, ақын анасы Айманкүлдің тәрбиесінде болғаны тарихтан белгілі. 1929-шы жылы Қазақтың педагогикалық институтында филологиялық білім алған болашақ ақын еңбек жолын Қарсақбайдағы «Қызыл кенші» газеті редакторының орынбасарлығынан бастап, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеті редакторының орынбасарлығына дейін жүріп өткен. Одан кейінгі ғұмыры Қазақстан Жазушылар одағының, республикамыздың Ғылым академиясының лауазымды қызметтерінде өтті. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан поэзия әлеміне шарықтай көтерілген шайыр даңқы өзі дүниеден озған кешегі күндерге дейін еш саябыр тартқан емес. Түңғыш өлең кітабы «Жаңа ырғақтан» (1934) басталған ақындық ізденістер өз биігінен титтей де төмендеген емес. Жазған дастандарының да саны қомақты. «Оркестр», «Абыл», «Портреттер», «Майра», «Монологтар», «Ақын» сынды еңбектері 30-шы мен 60-шы жылдар аралығындағы қазақ поэзиясының заңғар биігі болды деуге әбден лайық. Сол сияқты, «Аралдар», (1958), «Кешеден бүгінге» (1964), «Жартас» (1967), «Көне қоңырау» (1973) атты өлең кітаптары да — ақынның межелі биіктерге қол артып, қазақ поэзиясының өрлеу жолына түскендігінің айқын айғағы.

 

30-40-шы жылдары сыршыл лирик ретінде танылған Әбділдә ақын мөлдір поэзия әлемінің асқақ романтикасын сол уақыт рухына сай әдемі түйсінген еді. Оның шынайы поэзиясынан өмір диалектикасы әрдайым жарқын көрініс тауып, ол азаматтық пафос әуеніне, философиялық тұрғыдағы қиял шарықтауына ұласып жатты. Уақыт, заман, кісі тағдырлары мен олардың әлеуметтік, психологиялық болмыс-сипаттарын терең ашар тұстарда ақын жүрегінің атқақтай түсерін оның өлең жолдарынан анық байқап отырамыз. Ақын поэзияларында лирикалық ой мен сыр-сезім қисынды түйісіп, мазмұн мен тұр табиғи тоғысып жатады. Ақын еңбектері көп тілдерге тәржімаланған.

 

Сонымен бірге, шайыр Әбділдэні танымал ете түскен тағы да бір күрделі жанр — драматургия. Бүл салада да ол көп шаруалар тындырған қаламгер. Әдебиеттің бүл жанрымен 40 жылдай үздіксіз айналысқан ол 1964-ші жылы «Жүректілер» атты алғашқы пьесалар жинағын жарыққа шығарды. Осы аралықта естелік тектес мына бір оқиғаны баяндай кетейін. 1964-ші жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның, театр факультетінің оқытушылар кұрамы мен шәкірттері Әбекеңді шығармашылық кездесуге шақырған. Бұл қызықты үшырасуға мүрындық болған — КСРО халық артисі, Мемле-кеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева болатын.

 

— Хадиша, — деді салған беттен аңқылдай сөйлеген Әбділдә Тәжібаев астыңғы, үстіңгі еріндерін тілімен елеусіз ғана жалап жіберіп. — Сен екеуміз көптен таныспыз ғой, осындай талантты жастармен қауыштырып отырғаныңа көп рақмет. Бүлардың көбісі енді артистер болар, демек драматургия, театр саласынан сөз суыртпақтағанымыз жөн болар, — деп жауапты жиынның жүгін өзі жеңілдете түскені қайран Әбекеңнің. Жұмыр сапты сәнді таяғына иегін сүйей отырып, аяғын алға созып жіберген қалпы, елгезек ақын сол күні көсілте сөз тиегін ағытты. Қазір ойлап отырсам, сол жылдарда үлы ақынның алпысқа толып жатқан сэттері екен ғой. Мүлдем шабыттана, шалқи тіл қатып отырды. Кэсіби драматургияға қалай келгенін тэптіштей айтып шықты. С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, М. Әуезов, Ғ. Мүсіреповтерден үйрене жүріп, осынау күрделі жанрдың жалына жата жабысқанын, батыс-шығыс қаламгерлерінің озық үлгілерін өзіне мектеп түтқанын ақындық өршіл үнмен ғажап баяндап бергендей болды. Студенттер тарапынан көптеген сауалдар қойылды. Онымен қоймай, олар драматургтің әлгі «Монологтар» деп аталатын поэтикалық драмасынан үзінділер көрсетті.

 

Оған әбден риза болған драматург қызғылықты әңгімелерін одан әрі қарай зор құлшыныспен жалғастырып әкетті: -Болашақ өнер адамдары, сендерге бар сырымды айта отырайын, -деді ол қалың шаштарын салалы саусақтарымен артқа қарай жиі көсей түсіп. — Менің көптеген драмалық дастандарым мен пьесаларым тарихи аңыз- ертегі сюжеттеріне негізделе жазылған. Яғни, мифологиялық тақырыптарға да еркін бардым. Себебі, сол ертегі-аңыздарда халқымыздың көл-көсір ой-қиялдары, арман-аңсаулары, эдемі сезім толғаныстары жатыр. Эстетика — халық бойында. Ел жүрегінде. Ол ғасырлар бедерінде көп сүзгіден өтіп, бүгінгі күннің шындығымен үндестік табуда. «Жомарттың кілемі», «Халқым туралы аңыз», «Көтерілген күмбез» атты дүниелерім осы айтқандарыма толық дэлел. Бү_л шығармаларымда Отанды сүю, достық, адамгершілік идеялары жеткілікті. Сол сияқты зүлымдық, қатыгездік, сатқындық секілді сүрқия эрекет иелері де өз дэрежелерінде нүсқаланады. «Гүлден, дала», «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Қыз бен солдат», «Көңілдестер», «Монологтар» атауымен жарық көрген драмаларымда — адамзаттың бас еркіндігі, олардың қоғамдағы орны, махаббаты, азаматтық-патриоттық парыздары жөнінде күрделі мэселелер көтеріледі. Кезінде, жазылған бүгінгі заман тақырыбына арналған комедияларымның бірі -«Гүлден, дала» болатын. Оның оқиғаларының өсіп-өрбуі, драма заңдылықтарының барынша сақталуы, колоритті тілдік мағынасы, диалогтар қүрылымының келісімділігі, эжуа-сықақ, мақал-мэтел, нэзік эзіл-қалжың халықтық көңіл күйлерге сәйкес әдемі берілген деп білемін. Әйтсе де, «Тартыссыздық теориясының» сол кездегі қоғамымызға дендеп кірген залалды ылаңдарынан ұлттық драматургиямыз да шет қалмаған-тын. «Гүлден, далаға» ол жағы да эсер етпей қалған жоқ. Бір қызығы, «Жалғыз ағаш орман емес» пьесасында сол баяғы «Гүлден, даланың» кейіпкерлері Телғара, Жанас, Арман, Анар, Тоқбике, Ұл сүйгендермен оқырман-көрермен қауымды қайта қауыштырамын. Алайда, екі пьесамды да ұқсас етіп отырған тек оның кейіпкерлері ғана. «Жалғыз ағаш орман емес» бүтіндей басқаша жазылған тың туынды болып шықты. Мүндағы тартыс түгелдей адамдық ара-қатынастарға қүрылған. Телғара мен Жанас арасындағы түсінбеушілік бүкіл пьесаның өзекті тартысына айналған. Аталған екі пьесамда да М. Әуезов театрының атақты артистері ғажап өнер толғады. Бір жақты драмамен кете бермей, комедия жанрларына да қалам тартып көрдім. Соның нәтижесінде, «Дубай Шубаевич», «Той боларда» атты комедияларымда бүгінгі адамзат тіршілігіндегі келеңсіз жайлар, моральдық азғын-даушылықтар, ащы сатиралық тұрғыда бейнеленді ғой деп топшылаймын. Иэ, драматург сол жолы ағынан жарыла ұзақ сыр шерткен еді. Айтса айтқанындай-ақ, Әбділдә Тәжібаев қазақ театр өнерін драматургиялық шығармалармен қамтамасыз етуде бір кісідей тер төккен дарын иесі. Бүгінгі күнге дейін, Қазақстан театрларының репертуарын үлкен қаламгердің еңбектерінсіз көзге елестету мүмкін еместей. Ол 1971-ші жылы жазылған өзінің «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты қомақты еңбегінде: «Трагедиялар мен драмаларға жылап болсақ, шек-сілеміз қата күлетін комедияларға неге зер салмаймыз?» — деген пікір де білдірген болатын. Өзі меңзеген сол пікірлеріне жауап ретінде сан жанрларда қалам сілтеді. Тіпті, мифтік драмаларды өмірге келтіруде өзінің әріптес ағасы Мұхтар Әуезовтен үйрене жүріп, онымен жарысқа да түскендей болды. Айта кетерлік бір жэйт, бұл күнде драмадағы мифке де, комедияларға да аса зәруміз. Қайтсек те, сахнада шынайы шыншыл күлкі кеміп түр. Ал, әлсіреп түрған ертегі-аңыз кейіпкерлерінің жандануына күш салып, Әбділдә Тәжібаев ағасының үрдісін еске ала отырын, таяуда ғана «Мұңлық-Зарлық» драмасын жазып шыққан дарынды жазушы-драматург Дулат Исабековтің көп жылдық бейнетіне ілтипат білдірудің артықтығы жоқ секілді. Әбділдә Тәжібаев дәстүрі жаңғыра берсін дей отырып, тэжірибелі драматург шығармаларының республикалық, облыстық театрлар сахнасында ұзақ жылдар бойы молынан қойылғандығын да арнайы айта кетпекпіз. Кезінде, 1945-ші жылдары әйгілі қара шаңырақ театр сахнасында орыс режиссері Г. Рошальдің жетекшілігімен жарық көрген «Жомарттың кілемі» пьесасында бас кейіпкерді кескіндеген X. Бөкеева (Несібелі), Ш. Айманов (Аяз), С. Майқанова (Гәуһартас ) сынды артистердің асқан шеберліктері жақсы бағаларға ие болғаны белгілі. Сондай-ақ, аталмыш пьесаның венгр, румын театрлары сахналарында да орын еншілегенін бүл күнде біреу білсе, біреу білмес, бэлкім. Әбділдә Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емес», «Қыз бен солдат» пьесалары бойынша қойылған спектакльдер 1958-1967-ші жылдары (М. Әуезов, Ғ.Мүсірепов атындағы театр-лары артистерінің орындауында) Мәскеу жұртшылығын да эстетикалық лэззатқа бөлеген. «Майра» драмасын өз сахналарында қоймаған қазақ театры жок десе де болғандай. Майра бейнесінде көрінген біраз актрисаларымыз нағыз шығармашылық әлемінің қызығына молынан батты деуге дәлел, айғақ мол. Әнші, сазгер, сылқым Майраның сахналық ғұмыры сәтті қалыптасты. Бұл, түптеп келгенде, драматург еңбегінің нәтижесі.

 

«Дубай Шубаевич» — комедиясы кезінде оның авторын эуре-сарсаңға да салған. Оқиғасының уыттылығы мен кейіпкер диалоггарының өткірлігі сол кездегі билік иелеріне онша үлай қоймағаны тарихтан мэлім. Бұл туындының сахналардан көп көрінбеуінің себебі де сол өткірлігінде. Соңғы рет бүл комедияны көрермендер осыдан ширек ғасырдай бүрын Атырау театрының Алматыдағы гастрольдері кезінде сол үжым артистерінің орындауында тамашалаған еді. «Той боларда» комедиясы да өз кезеңінің кереғар күлкілерін алға тартқан шығарма болды. Ол да көп театрлардың төріне шығып үлгерді. Комедия табиғатындағы нэзік лиризм, жеңіл эзіл (юмор), кекесін- келемеж (ирония), ащы-мысқыл (сатира-сарказм) сарындары оның қойылымдық бояуын сан қүлпыртты. Артистер орындауындағы мінез-құлықтарының даралана түсуіне мол мүмкіндіктер берді. Алпысыншы жылдары эуезовтіктер сахнасында Ш.Жан-дарбекова, Қ.Әділшінов, Р. Сейтмет, М.Мұраталиев, Т. Тасыбековалар өздерінің актерлік шеберліктерімен «Той боларданың» комедиялық қалпын мүлдем түрлендіріп жіберді. Қоюшы режиссер Ә. Мәмбетов кино элементтерін талғамды пайдалана отырып, спектакльдің көрілімдік мазмүн-пішінін одан сайын эрлендіре гүскені сол кездегі көпшілік қауымға аян. Нартай (Р.Сейтмет)мен Айбала (Т.Тасыбекова) арасындағы мөлдір махаббат, үлбіреген сезім комедиялық ситуациялар арқылы шынайы өрбіп, жастық элемінің ғажайып сырлары ерекше бір лиризм ауанын түзеді. Әлбетте, сол мөлдір әлемді лайлағысы келген Қалабай (М.Мұраталиев) және оны жақтаушылар комедия табиғатын сатиралық деңгейлерге дейін әкеп тірейді.

 

Кәнігі де тәжірибелі драматург Әбділдә Тәжібаев «Ақын мен Батыр», «Өшпеген оттар»пьесаларын жазып, жасы ұлғайып қалған шағының өзінде де тыным көрмей, еселеп еңбек еткен қаламгер. Жоғарыдағы шығармаларының сахналық көріністерін тамашалай алмағаны кандай өкінішті. Жазушы мұрағатында қалған осы дүниелерге зер салар режиссерлер табылып жатса, театр ұжымдары одан ұтпаса, еш үлылмас еді. Әбділдә Тәжібаев ұлттық кино өнеріміздің де дамуына зор үлес қосқан қайраткер. Ол Н.Погодинмен бірігіп, «Жамбыл» көркемфильмінің сценарийін жазып, 1954-ші жылы экран бетіне шықты. Өзге әдебиет өкілдерінің бірнеше шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен аудармашы Әбділдә Тәжібаевтың да есімі қалың жұртшылыққа кеңінен танымал. А.С.Пушкин, Т. Г.Шевченко сынды авторларды өз тілінде еркін сөйлеткен шайыр шеберлігі өз алдына бір төбе. Әбділдә Тәжібаев қоғам қайраткері ретінде де біраз істер тындырған кісі. Ол көп жылдар бойы Германия-Қазақстан достық қоғамының төрағасы болды. 1963-ші жылы Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты және Республика Жоғары Кеңесі Президиумының мүшелігіне сайланған. Ол Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, екі мәрте Еңбек Қызыл ту және «Құрмет белгісі» ордендері мен бірнеше мемлекеттік медальдармен марапатталған. Абыздар мен аңыздар елінен шыққан, жыр дүлдүлі, Сыр сүлейі Әбділдә ақын көтерген руханият биігі оның ілімгерлігін, білімгерлігін дәуір тәбәрігіндей ұрпақтан-ұрпаққа асқақтата бермек. Туғанына ғасырдан астам уақыт өткен жалын жүректі шайырдың оттан өрілген өткір сөздері қазақ жұртының әманда намысын жани бермек.

                                  

 

Естелік фотосуреттер

 

 

(Балалары Асия, Зифа, Рүстемнің бала кезі С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев және басқалар)

                           

 

 

 

 

(Қазақстанның жас жазушылары Б.Майлин,І.Жансүгіров, С.Сейфуллин)

 

 

Әбділда Тәжібаевке арналған өлеңдер

Тұманбай Молдағалиев

Әбділда  ағаны ойлағанда

1)Ту қып ұстап жүремін алдымда атын,

Ағам болды өмірде Әбділда ақын.

Жоғалтып ол көрген жоқ інісін де,

Жомартым ол жоғымды бар қылатын.

2)Көңілімде осы бір қымбат ақын,

Өлеңді де, әнді де ұнататын.

Алашқа ортақ Әбділа басыменен,

Тұмеке деп ол маған тіл қататын.

3)Аулақтарда отымыз жанады өріп,

Белестерге бергендей жаңа көрдік.

Тұмекесі сүйетін Әбекесін,

Әке көріп, бір туған аға көріп.

4)Әр кез ақын перзентін бедел тұтып,

Шақыратын Сырдағы елі күтіп.

Жаңа өлеңін газеттен оқи қалсам,

Құттықтауды көргем жоқ мен ұмытып.

5) Асыл жырлар жүректен саулайды енді,

Әр шумағы жарқылдап баурайды елді.

Көздерінің оттары азайғанмен,

Көңілінің оттары лаулай берді.

6) Әрбір сөзі секілді көңілге азық,

Туды жырлар шуақты нелер нәзік.

Отырғандай сол аға өз үйінде,

Кітап оқып немесе өлең жазып.

 

Жұлдыздар

1)Көп қой жұлдыз жер бетінде,

Танылмаған, танылған.

Жақын олар жүрегіме

Бірге туған бауырдан.

2)Қатар жанған жұлдыздардың

Шұғыласы да мол-ау бір.

Құшағына ұл-қыздардың

Шақырады сол ауыл.

3) Жалған бедел керегі жоқ,

Жоқтамайды оны ешкім.

Мен жұлдызды сөнеді деп,

Ойлап көрген емеспін.

4) Тек қызығып қараймын мен,

Қызғанғам жоқ, ағалар.

Атқан таңның арайымен,

Шұғыласында бар олар.

5) Аңсағаны арман, талап,

Күткені көп бір күннен.

Жұлдыздардан жылу тарап

Тұратынын білдім мен.

 

Ақынға

1)Әкесі үшін қызармас сенің ұлың,

Ақын-ақын, осыған сенімдімін.

Ертең түгел таниды, сағынады,

Шала танып жүрсе егер елің бүгін.

2)Өз жолыңмен келесің баяу мүлдем,

Көңіліңе жандай-ақ қаяу кірген.

Қатар жүрген достарың ұйықтап кетсе,

Сен кінәлі емессің ояу жүрген.

3) Ояусың сен, ойланып отырасың,

Шабыт құсын  қасыңа шақырасың,

Достарыңды қуантып  күнде-күнде,

Дұшпаныңның сілесін қатырасың.

4) Демалуды келесің әлі білмей,

Таңғалдырып жырдағы тәңірідей.

Жылар кезде жылайсың  күн секілді,

Күлер кезде күлесің тағы күндей.

5) Аяулы , аға, тұра бер шалқып тудай,

Өнер қудың туғалы  бақыт қумай.

Ақын болу мүмкін бе, мүмкін емес

Табиғаттың өзіңе тартып тумай.

6) Әкесі үшін қызармас сенің  ұлың,

Ақын аға осыған сенімдімін.

Ертең түгел  таниды , сағынады,

Шала танып жүрсе егер елің бүгін.

 

Мұқағали Мақатаев «Әбділдаға»

Тұрғанда ұйқы-тұйқы ақ самайым,

Мен қалай,Әбе, сені жат санайын.

Абыржып асаңды ұстап отырғаның,

Ашулы Грозный патшадайын.

Сөйлесең,Бурадайын лықсып-тасып,

Жаралы жауынгердей сылтып басып,

Әбігер боп жүргенің қашан көрсем,

Жырдағы жалғандықпен мылтықтасып.

Бой түзеп,Босқа кетпей сауықпенен,

Боз қырау босағасын тауыпты өлең.

Жаман жыр жазғанымда

Ақ таяғың -Арқамда ойнай ма деп қауіптенем...

Туады, туады әлі нағыз ақын,

Нағыз ақын бал мен у тамызатын.

Жесірдің айырылмас сырласы боп,

Жендеттің көзінен жас ағызатын.

Туады, туады әлі нағыз ақын!

Жыр сөздері жай болып атылғанда,

Атылғанда, аспаннан оқылғанда,

Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,

Жанар пайда болады соқырларға.

 

 

Аса көрнекті ақын Әбділда Тәжібайұлы туралы толғаныс

       

Ақын Әбділдә Тәжібайұлы!

       

Кешегі ХХ ғасыр болса осы бір ауыз сөздің  өзі бізге көп сөз айтқан болар еді,  осы бір сөздің өзі көп жайтты аңғартқан болар еді. Оған еш бір  қосымша  түсіндірме, эпитеттердің  де керегі болмас еді.  Өткені, ХХ ғасырдың басында  жарық дүниеге келіп, тұтас ғасырды көзімен көріп, онымен бірге жасап, оның не бір ғаламаттарын бірге жасасып,  жаңалықтарын, жаңалық атымен келген небір қатыгез қаралықтарын өз шығармаларында жырлап та, сынап та айта білген, сөйтіп ғасыр шежіресін жасап ғасыр аяғында  көз жұмған – өзі тіршілік кешкен кезеңнің мейлінше мәшһүр,  тіпті ұлы ақынына айналып өтті өмірден. Оны алдындағы  аталары Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дулатұлы білді, ол тіпті бала кезінде сол кезгі астана Қызылордада қоғам және мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожанұлының  иығына шығып тұрып өз өлеңін оқыды үлкен жиында.Темірбек Жүргенов, Нәзір Төреқұлұлы, Садықбек Сапарбекұлы, Тұрар Рысқұлұлы дарынды бала райында жақсы көріпті,  Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқановпен қатар тұрып жыр қашады,  Мұхтар Әуезұлы, Ғабит Мүсірепұлы, Ғабиден Мұстафин, Асқар Тоқмағамбетов, Өтебай Тұрманжанов, Ғали Орманұлы, Қасым Аманжолов, Қалмахан Әбдіқадыров, Тайыр Жароковпен сыйлас,  сырлас ғұмыр кешті. Өз шығармаларында ол  ғасырдың осы аты аталған әралуан  ғажап тарихи тұлғаларының  шығармашылық образын сомдады.  Олардың біразымен сырласты. Дәуір солай еді.  Жәй жүріп,  тыныш тіршілік кешуді дәуір, дәуірдегі  коммунистік  идеология көтермейтін, ол «бай» және «кедей» деп екіге қақ жарып бөліп тастаған кеңестік  қоғам қолдамайтын. Әбділда  Тәжібайұлы адам ретінде де, ақын ретінде де,  сол қоғамның перзенті болатын.Өз кезеңнің көсемі В.И.Ленин айтқандай, ақын коммунистік қоғамда  өмір сүре тұрып ол қоғамнан  бостан бола алмайтын еді. Солай болды. Әбділда ақын  өзі өмір сүрген  қоғам дүбіріне  құлақ түріп өсті,  қоғам ұстанымына  қызмет етті;  қызмет ете жүріп адасты, алданды, қадамын талай рет шалыс басты,  ақын құлады, тұрды,  қайта құлап,  қайта тұрды. Құлай жүріп жылады,  жылай жүріп, жырлады, оның қоғам рухымен  бірге ұлт  рухын тапқан,  табысқан сәттері аз болмапты. Ұлт рухынан  көз жазған сәттері ақынды сәтсіздіктерден иектеген,  ұлт рухымен табысқан сәттері  ақынды  толайым табыс, ғажап сәттіліктер қаумалаған...

       

Қоғам да бір серіппелі  дүние. Ол да бір шылбырдай ширатылып талай тұлғаның тағдырына  оратылып орға жықты, жыландай жиырылып талай жазықсыз  жанды шақты, енді бірде өзі жіберген  қаталдықты түзеткісі келіп босаңсып алған, босаңсимын деп  біржолата босап та  кете жаздаған,  бойын қайта тіктеп «Социалистік демократия» дегенді ойлап тауып  тіршілік кешкен. Оны «дамыған социализм» атап өзін де, өзгені де сендірмек болған қоғам еді ол. Бір партиялы таптық коммунистік қоғам ақыр аяғы  дағдарысқа ұшырап  ыдырап, жеке-жеке ұлттарға, ұлттардан тұратын дербес  тәуелсіз мемлекеттерге  бөлініп тынғаны мәлім. ХХ ғасырдағы  орысқа  бодан  қазақ қоғамының қатайған тұсында өмір аренасына  шығып  ақын болып сайраған, қайраткер болып қаламын қайраған, ұранды өлеңдер, ұрма мақалалар жазған, алдындағы ағалары, қадірмен замандастары көңіліне тиген, қоғамның жылымық күнге жетіп  босаңсыған  сәттерінде өз ісіне өзі өкінген,  өкінген де сыршыл ақын болып қайта түлеген, өз күнәсін өзгелердің күнәсін  қоса жуғысы келіп азаматтық өреде сөйлеген, сөйлей алған, ғасыр трагедиясын айтқан, айтқаны үшін тағы да жазықты болып жапа шеккен ұлы ақынымыз Әбділда Тәжібайұлы еді.

 

«Өзгермелі дүние, өрісті өлең»

        

Əдебиет те – бір өзгермелі дүние. Бір толқын кетеді, бір толқын келеді. Толқынға толқын еркелей ме қайтеді, толқынды толқын желкелей ме қайтеді? (С.Асанов) – дегендей, əдебиетте буын алмасады, уақыттың əдебиетке билігі жүреді. Кеше поэзия төрінде Əбділда Тəжібайұлы тұрса, біраз уақыт болды поэзия төріне оның шəкірттері – Қадыр, Тұманбай, Сағи, Мұқағали, Төлеген шыққалы. Тап қазір олар да поэзия көгінде көріне ме, жоқ па? Олай дейтінім біріншіден, уақыт тағы бір аунап жаңарды, екіншіден, өлең оқитын, көркем əдебиет тұтынатын қазақ қалмай барады. Өлеңсүйгіш дəстүр өлді. Тап қазіргі кезеңде поэзия төрі бос тұрмаса не қылсын? Ол өзі бір қазақ поэзиясындағы (əдебиетіндегі) ғана келеңсіз көрініс болмауы керек. Орыста – А.Твардовский, Е.Исаев, М.Светлов, А.Межиров, Е.Евтушенко, А.Вознесенский, Р.Рождественский, С.Куняев, В.Кузнецов, Дағыстанда Расул Ғамзатов, малқарда Қайсын Құлиев, өзбекте Еркін Вахидов, армянда Геворг Эмин, Молдавияда Андрей Лупан, литвандарда Эдуардас Межелайтис, Юстинас Марцинкявичюс өлеңдері оқыла ма екен қазір? Əй қайдам? Чилидің ұлы ақыны Павло Неруда ше? Кубаның ұлы ақыны (Ə.Тəжібайұлының досы) Николас Гилен ше? Əй, қайдам? Уақыт солай. Қоғам солай. Кімге өкпелерсің? Тек, əлем əдебиетінде осындай теріс тенденция етек алған екен деп, соған беріліп кетіп ақынымызды өлтіріп, өлеңімізді өшіріп, қазақ қоғамын қараңғылыққа тұмшалатып алмасақ болғаны... Əбекең жарықтық, ақын өткен дəуірлерге, бүгінгі күнге, ертеңгі күнге бірдей жауапты деп отырушы еді. Сөзіне орай жауапкершілігін биік өнерлік өреде атқарып кеткен ақынымыз - Əбділда Тəжібайұлы. Егер, ХХІ ғасыр оқырманына Əбекеңдей ұлы ақынды қайта таныстыру қажеттігі туса – ол ақын кінəсі емес. Уақыт, қоғамға қарай алмасқан ұрпақ кінəсі, ұрпақ алмасқанда қазақ əдебиетін қастерлейтін сезімді өскін-өркен бойына ұялатып қала алмай ұятты болып, ұялып отырған біздердің кінəміз. Қандай қоғам – сондай адам. Қандай адам – сондай қоғам. Сақ болайық, ағайын. Таусыла сөйлеп отырмыз. Оның өз заңдылығы бар. Қоғамдағы келеңсіздікті көрген, білген соң шырылдайсың. Жан дауысың шығады. Демек, ХХ ғасырда көзі тірісінде классик атанған Əбділда Тəжібайұлын ХХІ ғасырда оқырманға қайта таныстыру керек. Оның туған жылы, өлген уақытын тəптіштеуіміз жөн.Ол не үшін? Зəуіде Ə.Тəжібайұлының туғанына жүз толуына орай жарыққа шыққалы отырған үш томдық таңдамалы шығармалар жинағы қолына түсе қалған азамат танып білуі үшін. 32 Таныстырудың да жөн-жобасы бар. Ақын өмірі ізімен жүріп отыратын академиялық стиль бар. Онсыз да əдебиет қадіріне жетпейтін уақытта академиялық стиль қадіріне кім жете қояр? Өз басым ақынмен баласындай жақын араласып көп сырын айтқызып, өз аузынан жазып алған адаммын. Оған өзі де құмбыл болды. Гетені сүйіп оқитын Əбекең оған қартайған сəтінде хатшы болатын Эккерманның жайын жақсы білетін. Менің бала кейпімнен өзінің Эккерманын көрген болуы керек. Бір өкініші жақсы басталған осы бір істі ақын өмірінің соңына жеткізе алмадым. Түркістанға кетіп қалдым. Алаңым көп болды. Дегенде «Ана тілі» баспасы тарапынан жақсы ағам – Жақау Дəуренбеков айтқан ұсынысқа қарай архивімді ақтарып көрсем, талай дəптер толтырыппын. Ол сырға қарағанда Əбекең жарықтық егіліп те, сөгіліп, төгіліп те талай іш қырындысын ақтарыпты. Өзіммен бірге кеткенше кейінгі ұрпаққа ашылып айтар сырым болсын деген шығар. Ендеше, естелікке ден қойсам ше? Оны дербес уақытта да жасауға болар. Тар жерге əкеліп тықпаламай-ақ... Жə, жетер... Алла ауызға салғанды айталық... Ең бастысы – Əбділда Тəжібайұлы ХХ ғасырдың барынша қайшылықты да ұлы тұлғасы! Өзге замандастары секілді дүниетанымы толы қайшылықты Əбекеңді əкедей жақсы көрдік. Жақсы сөзін естідік. Ғазиз жүректі жанның жанды бейнесі жүрегімізде.

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/Бас ред.Б.Аяған.- Алматы: «Қазақстан энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2006.
  2. Ергөбек Құлбек

Өлеңсөз. Қазақ өлеңі хақында. Құлбек Ергөбек.-Алматы: «Ел-шежіре», - 2012.

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/ Әбділда Тәжібаев

 

Әбділда Тәжібаевтың оқулықтары

  1. Әбділда Тәжібаев

Шығармалар. Екі томдық 1-том өлеңдер. Алматы, «Жазушы» 1969.

  1. Әбділда Тәжібаев

Есімдегілер:Естеліктер, эсселер.-Алматы: Жазушы, 1993.

  1. Тажибаев Абдильда

Стихи, поэмы, пьесы.-Алматы,1957.

  1. Тажибаев Абдильда

Былое: Стихи, поэмы/Сост.Г.Бельгер.-Алма-Ата: «Жазушы»,1979.