Алғысөз

 

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт. «Ауғанстан - жүректегі жара» демекші 15 ақпан 1989 жылы талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы  «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде біз бейбіт елдің жастары, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын, Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарымызды  құрмет тұтуға міндеттіміз.Бұл оқырман жадынамасы  ауған мемлекетінде он жылға созылған соғыстың тарихын баяндайды.  Ауғанстан мен КСРО арасындағы  халық мүддесіне  сай келмейтін  әскери-саяси  байланыстардың  салдарынан  туған қанды  қырғындарда  қазақстандық бейкүнә боздақтардың  көрген азап-ақыреттері, өмірінің қиылуы, із-түссізкетуі туралы айтылады.Бұл оқырман жадынамасы барлық оқырман қауымға арналған.

 

 

«Ауғанстан: 110 айға созылған соғыс»

 

1978 жылы сәуір айында төңкеріс жасап, Ауғанстан билігін басып алған Н.Тараки бастаған коммунистер ел басқару тізгінін қолдарына алғанымен, оны ұстап тұра алмады. Коммунистердің билікке келуі  және олар жүргізген реформалар халық көңілінен шықпады. Жер-жерде наразылық шаралары ұйымдастырылып, ақыры билік пен халықарасында қарулы текетірес пайда болды. 1979 жылдың соңына қарай елде ірі  көлемді әскери ұрыс-қимылдары басталып, Ауғанстанның 26 провинциясының 18-де қарулы қақтығыстар болды.Елдегі шиеліністі жағдай АДР  басшыларын бірнеше рет Кеңес Одағына әскери қолдау мен көмек сұрап жүгінуге мәжбүрледі. «Ауғанстанның заңды үкіметінің» өтінішін ескеріп және 1978 жылғы 5 желтоқсанындағы  Шартты, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының мемлекеттердің өзін-өзі қорғау құқығы туралы 51 – бабын алға тартып, КСРО Ауғанстанға қарулы күштерін кіргізуге келісті.

 

Ауғанстанға әскер кіргізу  жөніндегі саяси шешімді  желтоқсанның 12-сі күні кеңес басшыларының шағын ғана тобы қабылдады. Түркістан әскери округінен Ауғанстанға кіретін 40-армия құрылып, оған қолбасшылыққа генерал-лейтенант Ю.Тухаринов тағайындалды. 25 желтоқсан күні мемлекеттік  шекараны кесіп өту Мәскеу уақыты бойынша 15.00 (жергілікті уақыт бойынша 17.00) басталды.

 

1980 жылы қаңтар айында 40-армия Ю.В.Тухаринов  қолбасшылығымен елдің маңызды аудандарына орналасты. Ауғандық армиямен бірлесіп әкімшілік орталықтарды, қажетті нысандарды, әуежайларды және Хайратон – Кабул, Кушка-Герат-Кандагар, Кабул-Жалалабад, Пули-Хумри-Құндыз-Файзабад автомагистралдарын қарауылдауға алды.Кеңес әскерлері барлығы 21 провинцияны , тоғыз әуежайды қамтамасыз етті.

 

Кеңес әскерлерінің ең алғашқы соғыс қимылы 1979 жылы 27 желтоқсанда Х.Аминнің көзін жоятын «Дауыл-333» жауынгерлік операциядан басталып, 1989 жылы қаңтардағы  «Тайфун» операциясымен аяқталды.40-армия Ауғанстанда ірі көлемде «Дауыл-333», «Кунар», «Паншер», «Құндыз», «Магистраль», «Удар», «Тайфун» және т.б. операциялар жүргізді. Бұл айтылған әскери операцияларға мыңдаған жауынгерлер мен әскери техникалар қатысты.

 

Ең алғашқы, үлкен қарулы қақтығыс 1980 жылдың ақпан-наурыз айларында өткен Кунар операциясы еді. Алғашқыда, моджахеттер отряды ашық түрде соғысуды жөн көрді, бірақ , «тасадан атқылау» тактикасына  өтуге мәжбүр болды, өйткені, ашық қақтығыстарға олардың күші тең келмеді.Ауғанстанның тау шатқалдарын қиялай кесетін Кунар өзенінің жанында Бақытжан Ертаев (бүгінде Халық Қаһарманы) басқарған батальон орналасты. Сол кезде 27 жастағы командирге анау-мынау емес, соғыс жағдайындағы басшылық тапсырылды.  Кунар өзенінің бойында Пәкістан жағында Читрал, ал Ауғанстан  жағында Асадабад аталатын екі провинция орналасқан. Пәкістанға жақын орналасқан  әскери бөлімдер өмірі қауіп-қатерге толы болды. Кеңес әскерлері 1980-1985 жылдары 5 жыл ішінде 7 рет Кунар әскери операциясын жүргізді. Ең алғашқы Кунардағы әскери операция  1980 жылы ақпан айының  аяғында басталды.  Осы жылы Кеңес сарбаздары жүргізген  Кунардағы әскери операцияда күзге дейін, басқасын айтпағанда дұшмандардың 6 штабы, 2 биік асудағы базасы, 17 бекініс бекеті, 12 зеңбірек пен минометі, әскери әуе күштеріне қарсы күресетін 5 орналасу алаңы және 1.5 мың бүлікшінің көзі жойылды. Ал кеңестік тараптан 52 жауынгер ажал құшып, 43- ауыр жараланды, бір жауынгер із-түссіз жоғалды.Оған қоса 9 тікұшақ істен шықты.

 

40-армия «Паншер» аталған алқапта он жыл ішінде 9 рет ірі әскери операция жүргізді.  Ахмад шах Масуд иелігіне қарайтын бұл алқап өте қауіпті еді.  Осы қауіпті аймаққа  маршал Соколов кейін «Қара майор» атанған Борис Керимбаевты батальонымен апарды. Өйткені «Паншер арыстаны» атанған Ахмед Шахқа анау-мынау командирдің тісі батпайтын еді.1982 жылдың мамыр-маусым айларында «5-Паншер» операциясы өтті, алғашқы үш күн ішінде  4 мыңнан астам  кеңестік десантшы түсірілді.  Барлығы бұл операцияға  12 мыңнан астам Кеңес  жауынгері мен офицері қатысты. Бұл операция, бір мезгілде 120 шақырым көлеміндегі шатқал аңғарларында өтті.  Нәтижесінде, бұл жолы Паншер алынды, бірақ ауған армиясының  бұл стратегиялық   жағынан маңызды аймақты ұстап тұруға  күші жетпеді.

 

1986 жылдың тамыз-қыркүйек айларында «Құндыз» операциясы өтті.  Мен осы операцияда Ханабад провинциясындағы ұрысқа қатыстым.  Операцияның негізгі мақсаты: Ауғанстанның солтүстік –шығыс бөлігінде әскери-саяси жағдайды тұрақтандыру, 40-армияның жүк тиелген колонналарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, асулардағы базалар мен тірек пунктерін жою, үкіметке қарсы күресушілердің  белсенділігін  бейтараптандыру, оларды АДР үкіметі жағына тарту, үлкен көлемдегі   қару –жарақ пен  оқ дәрілерді және барлау құжаттарын қолға түсіру болды. Құндыз провинциясына қарайтын  Чардара, Ханабад, Алиабад, Имам-Сахиб, Дашти-Арчи, Калай – и – заль және т.б. уездердегі моджахаттер орналасқан аймақтарда жауынгерлік қимыл ешқашан тоқтаған емес.

 

1987 жылдың 23 қарашасы-  1988 жылдың 10 қаңтары аралығында ең ірі операциялардың бірі – «Магистраль» операциясы іске асырылды. 40-армия қолбасшысы Б.Громовқа  осы операцияны  сәтті өткізгені үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

40-армия жоғарыдан түскен бұйрық бойынша Ауғанстаннан  толық шығып кеткенше жауынгерлік операцияны  жалғастыруға мәжбүр болды. Мысалы, 1989 жылы қаңтар айының  басында Кабулға КСРО СІМ Э.Шеварнадзе келді. Ауғанстан басшысы  М.Наджибулла Мәскеуден келген өкілге Ахмад шах Масуд пен оның жасақтарының күшін әлсіретіп беруді өтінді. М.Горбачевтан нұсқау алған КСРО Қорғаныс министрі Д.Язов 40-армия қолбасшысына 23 қаңтарда  А.Масуд  жасақтарына  қарсы жауынгерлік операцияны  бастауға бұйрық берді. Бірақ бұл операцияны бастауға 40 армия қолбасшылығы тікелей қарсы болды. Өйткені біріншіден, қолбасшылық әскер кетер алдында  А.Масудпен оқ атыспауды  келісіп қойды.  Екіншіден, буынып-түйініп отырған армияға  қақаған қыста мұндай операцияны жүргізу  олжа әпермейтін еді. Үшіншіден, әскердің әкетілуіне  санаулы күндер  қалғанда  құрбан санын арттырудың  қажеті жоқ еді.  Бірақ Мәскеудің бұйрығы одан күшті-тұғын. Сөйтіп 23-25 қаңтарда  Паншер алқабы мен Оңтүстік Саланг асуын қуатты бомбалау  мен атқылау мақсатында «Тайфун» кодымен аталатын операция жүргізілді.  Қолбасшылық Ахмад шах Масудқа алдын ала сақ болуды және қарсылық  жасамуды ескертті. Бейбіт тұрғындарға уақытша қышлақтарын  тастап шығу да ескертілді. «Тайфун» операциясы біткен соң Ахмад шах Масуд КСРО-ның Кабулдағы дипломатиялық өкіліне өзінің наразылық танытқан хатын жолдады.

 

Осылайша, 40-армияның Ауғанстандағы жауынгерлік қимылдары  соңғы сағаттарға дейін жалғасты. Мен тек олардың арасындағы бірер ірі операция барысына тоқталдым. Шыңдығында, он жыл ішінде  қаншама қақтығыстар мен ажал айқастары болғанын  ешкім жоққа шығармайды. Жүргізілген  ірі көлемдегі  және кішігірім операциялар  кезінде  қаншама қаруластарымыз  көз жұмды. Жауынгер жарғысында:  «Бұйрық талқыланбайды, тек орындалады» -деген  қағида бар. Осы қағидаға сүйенсек әрбір қаза тапқан, мүгедек болған және қатысып тірі қалған жауынгерлеріміз өз борышын  адал орындауға  күш салды. Сондықтан да олар өзінің  әскери антын  ешқашан бұзған жоқ.

 

110 айға созылған Ауған соғысындағы  санитарлық шығын  469685 адамды құрады.Ауған соғысынан қайтып оралмаған жалпы адам шығыны 14453-ке жетті. Біздің Республикамыздан 22 адам Ауған соғысына қатысты. Олардың 1000-ға  жуығы соғыста құрбан болды және Қазақстан жерінде жерленді, 20 адам із-түссіз жоғалды. Ал жалпы шығының 362-сі  қазақ ұлтының  өкілі  екендігі анықталды.

 

Ауған соғысында із-түссіз жоғалғандар мен  тұтқынға түскендер саны 417 адамды құраса, одан кейінгі жылдары 333, ал қазіргі таңда 264 адамды құрап отыр.Олардың 20-сы Қазақстан азаматы болып саналады.  2013 жылы  бұл тізім екі адамға қысқарды, ал қалған  он сегізден әлі күнге дейін не дәйек, не хабар жоқ.

 

Ауған соғысыда барлығы 200153  адам мемлекеттік марапатқа ие болса, оның 10955-і осы соғыста шейт кетті. Ал марапатталғандардың -111966-ы сержанттар мен солдаттар, 19261-і прапорщиктер, 66251-і офицерлермен генералдар, 2675-і  Кеңес армиясының жұмысшы қызметшілері, оның 1350-і әйел.

 

Шектеулі контингент  құрамында  - 86 адам  Кеңес Одағының  Батыры атағын алса, 103 әскери қызметші  Ленин орденімен, 1972 адам Қызыл Ту орденімен марапатталды. Батыр атағын алғандардың  29-ы осы соғыста құрбан болды.

 

1988 жылы 14 сәуірде, АДР-дағы жағдайды саяси реттеу туралы Женева келісіміне  қол қойылды.Қол қойғандар қатарында КСРО, АҚШ, Ауғанстан мен Пәкістан кірді. Кеңес Одағы өз контингентін 9 айлық мерзімде алып шығуға,  ал Құрама Штаттар мен Пәкістан   өз тараптарынан  қарулы оппозицияны  қолдауды тоқтатуға міндеттелді. Женева келісімінде  белгіленгендей, 1989 жылы  15 ақпанда  Ауғанстаннан соңғы Кеңес әскерлерінің әкетілуі аяқталды. Кеңес Одағы Женева келісімін белгіленген мерзімде орындады.  Осылайша 110 айға созылған  соғыс аяқталды.

 

 

Ауған соғысына қатысқан Бөрліліктер

    

Ауғаныстағы соғыс тек қана өлім мен жарақаттану, психиканың бұзылуы ғана емес, сонымен бірге батылдық адалдық ,достыққа үйретті. Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентімен  берге Середа В.В., Кичайкин В.М., Кузембаев С., Бабенко Э. қолдарына қару алып, халықаралық міндетін немесе әскері міндетін өмірлеріне қауіп төніп тұрса да орындап, халық құрметіне лайық ерлік көрсетті.

 

 

Бабенко Эдуард Анатольевич.

 

 

1969 жылы 8 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында дүниеге келді. УТМСХ аяқтағаннан кейін, Тольятте қаласында жұмыс жасады. 1988 жылдан бастап 1989 жылға дейін СССР ВС қатарында әскери борышын өтеді. ДРА – ға халықаралық көмек көрсетуге қатысты.

 

 

Кичайкин Владимир Михайлович .

 

 

    

1939 жылы дүниеге келіп, 1994 жылы дүниеден озған. Кіші лейтенант Кичайкин Владимир Михайлович  ДРА – ға халықаралық көмек көрсетуге қатысты.

 

Кузембаев Саясат.

 

 

        1967 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында дүниеге келген.  Кіші лейтенант Кузембаев Саясат  ДРА – ға халықаралық көмек көрсетуге қатысты.

 

 

Середа Владимир Васильевич.

 

     

1962 жылы Шыңғырлау ауданында Полтав ауылында дүниеге келді.1980 жылы 11 қарашада СССР ВС қатарына әскери борышын өтеуге шақырылды.1981 жылдың қараша айынан бастап 1982 жылдың қараша айына дейін ДРА – ға халықаралық көмек көрсетуге қатысты. Әуе қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік техникасының командиры болды.1982 жылы 17 қарашада ПВС бұйрығымен  «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Мерейтой медальдары бар.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Смағұл Б.

          Қазақтың «Қара майоры»: Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына арнаймын – Алматы – 2014.

  1. Боздақтар мәңгі жадымызда 1979-1989 – Живут погибших имена – Алматы – 2006.
  2. Смагул Б.

        Король Панджшера: Посвящается 177-му отдельному отряду специального назначения ГРУ ГШ СССР – Алматы – 2014.

  1. Барт А. И.

        О павших в Афганистане: Книга памяти – Кн. 4-я (Западно-Казахстанская область) – Алматы: Союз ветеранов Афганистана, 1999.

  1. Дынин И. М.

     После Афганистана: «Афганцы» в письмах, документах, свидетельствах очевидцев – М.: Профиздат, 1990.

  1. Теплинский Л. Б.

        История советско-афганских отношений, 1919-1987 – М.: Мысль, 1988.

  1. Олийник А. М.

          Памятник в Кабуле – М.: Мол. Гвардия, 1988.

  1. Андриянов В., Москаленко А.

      Полынь чужбины – М.: Правда, 1987.

  1. Афганистан: братство, мужество, подвиг – Алма-Ата: Казахстан, 1987.
  2. Устинов Г. П.

        Горький запах миндаля – М.: Мол. гвардия, 1986.