Біздің басылымдар

Әміре Қашаубайұлы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әуелеген әнімен адамзат баласын таңдандырған, қайталанбас ұлы тенор – әнші. Қазақ музыкасындағы Әміренің алатын орны – Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жарылғапберді, Мәди сынды замана тұлғаларының әншілік дәстүрін кеңестік кезеңге жалғастырып, жеткізіп беруінде болып табылады. Қатарлас әріптесі Елубай Өмірзақов Әмірені «самородный сары алтын» дегені бар. Әміре ХІХ ғасырдан ХХ ғасырға аман сау жеткен шын мәніндегі асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы еді. Әміре - ұлы әнші, аса дарынды өнер иесі. Ол жөнінде талай кітаптар, дастандар жазылмақ. Оның аты ән мектебінде мәңгі қалады. 

Алғысөз

Мұзафар Әлімбаев - аса көрнекті ақын, Ертіс-Баян өңірінің тумасы, Қазақ­стан­ның халық жазушысы, Абай атындағы Мемле­кет­­тік сый­лықтың лауреаты.

Алғысөз

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев – ағылшындарға Шекспирдің, орыстарға Пушкиннің қандай маңызы болса, қазақ халқына оның сондай маңызы бар.