КСРО Министрлер Кеңесінің  1950 жылғы 15.12 тәртібімен және 1952 жылғы 27.09 №4943 қаулысымен Орал ауылшаруашылығын механизациялау техникумы 1952-1953 оқу жылына 120 адам қабылдануымен,  ашылды. Техникум малшаруашылық фермалары үшін техник-механик және техник –электрик мамандықтарын даярлауды бастады. Техникумның алғашқы директоры болып Фомин Петр Семенович тағайындалды, 1957 жылы оны Кульпин Павел Иванович  ауыстырды. Олар аз мерзімнің ішінде оқу-қосымша бөлмелерді дайындау, талапкерлерді қабылдау, оқытушыларды, әкімшілік, оқыту-қосымша кадрларын дайындау  сияқты  үлкен ұйымдастыру жұмысын атқарды.

1958 жылы Саратов ауылшаруашылық институтын бітіріп, арнайы пәндерден сабақ беретін оқытушы  Джумашев Баян Құттыжолұлы келді. 1960 жылы оны техникумға директор етіп тағайындады. Оның жұмыс қабілетінің зорлығымен , болашақты көрегендікпен  көре білуімен және адамдарды айыра білуінің арқасында техникумда біртұтас тату ұжым  құра білді.

Техникумды көшіргендегі орынын таңдау техникум директоры Джумашев Б.К. ұсынылды. Ол Зеленов ауданындағы Переметное ауылы емес Бөрлі ауылын таңдады , сонымен 1963 жылдың жаңа оқу жылы  Бөрлі ауылында басталды.

Жоғарғы курс оқушылары өндірістік сараманға колхоздарға барды.  Кейінірек техникумда механизацияланған оқушылар мен оқытушылардан отряд  құрылып,  өз комбайндарымен егін жинауға шықты.

1972 жылы техникумды жаңа директор Кравченко Александр Филипович  басқарды. Ол техникумды 1987 жылға дейін басқарды.Осы жылдарда техникум болашағынан үміт күттіретін жас оқытушылармен толықтырылды, техникумның материалдық базасы жетілдірілді, оқытушылардың тұрмыстық жағдайы жақсарды. Оқу корпусы, екі тұрғын үй, 360 орындық жатақхана, жаңа кітапхана , спорт залы, дәмхана орналасатын қоғамдық-тұрмыстық ғимарат салынды. Құрал жабдықтарды жаңғырту жолында үлкен жұмыс атқарылды.Телефон желілері тартылды.

1997 жылы Орал ауылшаруашылығын механизациалау техникумы  жаңа мәртебе алды. 1997 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде   Орал ауылшаруашылығын механизациалау техникумы  Батыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі болып өзгертілді.(заңды тұлғалардың мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі 1309-1926-У 1997 21 маусым). 1999 жылдан колледж әдеттегі ауылшаруашылығы мамандарын және «Мұнай мен газды қайта өңдеу» , «Қаржы», «Жылу беру жүйесі мен жылу техникалық құралдарды пайдалану»  жаңа мамандықтарын дайындай бастады. Мемлекеттік коммуналды қазыналық  «Ауылшаруашылығы колледжі» 2002 жылғы 6 ақпанындағы  АА  № 0000393 Мемлекеттік лицензияның негізінде қызмет жасайды .2005 жылдан бері колледжді Өтемұратов Мұрат Жолтайұлы басқарады, ол білім беру мекемесінің әр түрлі бағытын басқаратын  ынталы жастар тобын іріктеп алды.