«Бөрлі №1 жалпы орта білім беретін мектебі»

 

 

2006 жылы қазақ мектебі «Бөрлі орта мектебінен» бөлініп шықты. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 14 шілдедегі «БҚО Бөрлі ауданының «Бөрлі орта жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» №326 қаулысы және Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің 2006 жылғы 14 тамыздағы «БҚО Бөрлі ауданының «Бөрлі орта жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесін ашу туралы»№141 бұйрығымен «Бөрлі орта жалпы білім беретін қазақ мектебі» болып ашылды.  Осы бұйрықтың негізінде 100 балаға есептелген мектеп жанындағы интернат мектеп қарауына берілді. Бұл қазақ мектебінің алғашқы ұстаздар ұжымы.

         Мектептің тұңғыш директоры болып – Мендыбаева Қарлыгаш Утебаевна тағайындалды.

         2010 жылдың сәуір айы нан бастап мектеп басшысы қызметіне Сатимов Исатай Темешевич тағайындалды.

      БҚО Бөрлі ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №657 қаулысымен «Бөрлі негізгі жалпы білім беретін қазақ мектебі» болып өзгертілді.

      БҚО Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 тамыздағы №495 қаулысымен «Бөрлі №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертілді.

         2010 жылдың желтоқсанында колледждің 2 қабатты бос ғимараты типтік жобада күрделі жөндеуден өткізіліп, қазақ мектебіне пайдалануға берілді.

         Қазіргі таңда мектепте 226 оқушы білім алуда. Оқыту процесі екі ғимаратта жүргізіледі. Бастауыш сынып ғимаратында мектеп алды даярлық тобы 28 және 1-4 сыныптар аралығындағы 100 оқушы бар. Негізгі ғимаратта 5-11 сыныптар аралығындағы 126 оқушы бар.

     Мектеп жанындағы интернатта – 19 тәрбиеленуші бар. 3 тәрбиеші және 1 интернат меңгерушісі қызмет етеді.  Ұжымда жалпы саны 38 мұғалім, оның әшәнде 7 лауазымдық міндетте. Жоғары білімді – 29, орта білімді – 9, жоғары санатты – 2, бірінші санатты – 14, екінші санатты – 9, санатсыз – 13 мұғалім.