Революцияға дейін Бөрлі ауылында екі мектеп болды: бастапқы шіркеу және министрлік мектеп.1919 жылдан бастап 5 және 6 сыныптар ашылып, барлығы  23 оқушы оқытылды. Екі мектепте барлығы 150 оқушы білім алды.Мектеп ескі ғимараттарда орналасты. 1924 жылы Бөрлі бастауыш мектебі жеті жылдыққа өзгертілді. 1929 жылдан бастап жетіжылдық мектеп колхоз жастарына арналған, ауылшаруашылығы бойынша оқытылатын мектепке айналды.1936 жылдан бастап орта мектепке айналып, 1941 жылы  ең алғаш рет түлек ұшырды. 1941 – 1945 жылдары 79 оқушы жас түлек атанды. 1941 – 2011 жылдар аралығында 64 рет , барлығы 2261 түлек ұшырды.

 

Мектеп ұжымы 1990 жыл

 

        Әр уақытта Шикелев М.З., Подольный П.П., Макаева Н.Н., Солянкин Ф.С., Укасов А.У., Наумова Н.А., Михалчук Г.И., Кадырханова М. А. мектеп директорлары болып жұмыс жасады. Жылдар бойы тамаша ұстаздар Е.В Бакалкина, Л.И Ермольчева, М.П Скороход, Р.Ш Серазутдинова, А.И Сиволобов, Н.И Скляр, Е.Г Тихомирова  балаларға жақсы білім берді.  Қазіргі таңда Бөрлі орыс мектепбі ауылдың орталығында орналасқан. Мектеп екі бөлек ғимараттан тұрады. Бастауыш және негізгі орта мектеп, барлығы 291 оқушы, олардың 21 мектеп алдыдаярлық тобының оқушылары. Барлығы 45 мұғалім.

        Мектеп ғимараты табиғи газбен қамтылған, физика,химия, биология, НВП кабинеттері жабдықталған, екі шеберхана және мультимедиялық кабинет бар. 2017 жылдың маусым айынан бастап мектеп директоры Абдир Мерген Муратұлы.