«Арман» бөбекжайы

 

 

Осындай үй әрбір ауылда бар, бірақ біз  Бөрлі ауылында Октябрская көшесінде орналасқан үйге назар аударғымыз келіп отыр. Бұл «40 лет Октября» колхозы кезінде балабақша болған үй.  Бұл балабақшада мейірімді адамдар жұмыс істеді. 1974 жылы балабақша меңгерушісі Шимарова Нина Тимофеевна болды. Кузьменко Е.А., Шалунова Е.М., Калиниченко В.А., Борщ Н.Г., тәрбиешілер болып, Дьяченко  Е.М., Копейко А.Д. аспазшы болып жұмыс атқарды.

 

 

Балабақша ұжымы 1970 жыл.

 

 

90 жылдары балабақша жабылды. 

«Арман» балабақшасы 2000 жылдың 02 желтоқсанынан бастап жұмыс істейді. Бақшаның жобалық қуаты 50 бала, 2 жас топтары бар: 1 топ –мемлекеттік тілде, 2 топ – орыс тіліңде. Ұжымда 23 қызметкер: оның ішінде 10 педагог: 5 тәрбиеші, 5 маман (1 әдіскер , 1 психолог, 1 саз жетекшісі, 1 қазақ тілі мұғалімі, 1 ағылшын тілі мұғалімі). Сондай-ақ,  бақшада медбике жұмыс істейді. Меңгерушісі Салахова Эльмира Нариманқызы.

Бірнеше рет «Арман» бөбекжай  базасында педагогтар  үшін , қалалық  және аудандық балабақша педагогтары үшін «Балаларды мектепке психологиялық дайындаудағы педагогтың рөлі», «Мектеп жасына дейінгі балаларды толеранттық және ұлттық мәдени құндылықтарға тәрбиелеу» тақырыптарында   семинар –практикумдар өткізілді.  

«Арман» бөбекжайы меңгерушісінің басшылығымен ауылдың қоғамдық жұмыстарына белсенділік танытып, жеке оқытушылар «Жас дарын» қоғамдық қорының волотерлік жұмысына қатысады.

«Арман» бөбекжайының тәрбиешілері аудандық, облыстық семинарларға қатысып, тәжірбие алмасады.

2013 жылы  Аудандық мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» сайысында тәрбиеші Левина Людмила Юрьевна II дәрежелі дипломымен марапатталды.

2015 жылы Аудандық мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы «Үздік әдіскер» байқауына әдіскер Капанова Зулейха Камарьяновнақатысып, «Білгір әдіскер» номинациясымен марапатталды.

2017 жылы Аудандық мектепке дейінгі ұйым педагог- тәрбиешілерінің арасында өткізілген «Қадыр оқулары» байқауында «Арман» бөбекжайының тәрбиешісі Исмагулова Шулпан Бахитжановна  II дәрежелі дипломымен марапатталды.

2017 жылы  Республикалық әскери-патриоттық «Қазақстан патриоты» журналының Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай  ұйымдастырған «ЭКСПО-ел мақтанышы!» атты көркем сурет байқауында әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлде «Арман» бөбекжайының «Карлығаш» тобына берілді, осындай диплом шәкірттерін қатыстырып, белсенділік  танытқаны үшін тәрбиешілерге Ш.Исмагулова және Л.Левинаға берілді.

Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  өткен ауыл тұрғындарының айтып жүрген Шәмші Қалдаяқовтың «Сағындырған әндер-ай» байқауына бөбекжайымыздың тәрбиешісі Рудышева М.С және «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Нурмашев Р. Жүлделі 2 – ші орын алды.Сонымен қатар бөбекжай педагогтары аудан және ауыл әкімінің марапаттауына ие болды.

 

 

«Ақсұңқар» бөбекжайы

 

 

Бөрлі ауылының жалпы халық саны төрт мыңга жуық болғандықтан балабақшаға деген сұраныс болды. Өйткені соңғы жылдарда демаграфиялық өсімділік бар.  Бөрлі ауылында 50 орындыққа арналған «Арман» бөбекжайы бар. Кезекте тұрған балалар саны 225. Осынған байланысты 140 орынға балабақша салу жоспарланды.  Бөрлі ауылдық округі әкімінің №11 «10» маусымда 2014 жылғы 140 орындық балабақша құрылысын жобалау туралы шешім шығарылды.                  

2016 жылы 01 тамыз айында бөбекжайдың екі тілде жарғысы тіркеліп, БСН(бизнес-сәйкестендіру нөмері) берілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы №KZ15RVK00012245  27. Қазан 2016 жылы  заңды түрде тіркелді.

2016 жылы 6 шілде Астана күніне орай «Ақ Сұңқар» бөбекжайының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Бірғаным Айтимова, Қазақстан Республикасының депутаты Бақтияр Мәкен, облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, КПО б.в.компаниясының бас директорының орынбасыры Марат Каримов қатысып,құттықтау сөздерді үш тілде айтып шықты. Үш

тілде ауыл бүлдіршіндері бас мердігер «Наз Тур» ЖШС Леспай Елеусиновке тақпақ жыр шашуларын арнады. Ауыл тұрғынын құттықтап, ұжымға тілек тіледі. Бөбекжай нысанының бас мердігері Леспай Елеусинов бөбекжай меңгерушісі Жазира Бектаеваға кілт табыстады. Облыс әкімі Алтай Көлгінов пен ауыл ардагері Гауаз Мұқанов лентаны қиып ғимаратты аралып,бүлдіршіндермен тіл алысты. Ашылу салтанатынан кейін Бөрлі ауданы білім беру бөлімі штаттық кестені 6 топқа,140 балаға бекітті.  Штаттық кестеге сәйкес «Сатып алу ақпарат» газетіне жұмысқа қабылдау хабарландыруы шықты. Қызметкерлерді қабылдау күні белгіленіп, комиссия тағайындалды. Конкурсқа қатысу үшін 54 адам құжаттарын тапсырды. Конкурс қорытындысы бойынша 1-шаруашылық меңгеруші, 1-бухгалтер, 1,25- ағылшын тілі мұғалімі, 1-орыс тілі мұғалімі, 0,5-іс жүргізуші және 0,5 хатшы, 1-дене тәрбиесінің нұсқаушысы,1,25-музыка жетекшісі, 1-Психолог, 0,5-әлеуметтік педагог, тәрбиешілер жұмысқа қабылданды. 2016 жылы 1-ші қыркүйектен бастап 2011,2012,2013,2014 жылғы балалар тізімі алынып, кезекпен балалар қабылданып, 139 бала тізімге енгізілді.