Бөрлі ауылдық округі Бөрлі ауданының солтүстік бөлігінде орын тепкен. Бөрлі ауылы облыстық орталық Орал қаласынан 100 км. аудан орталығы Ақсай қаласынан 36 км. жерде орналасқан. Жерінің аумағы 2192 га.

Ауыл бедері көтеріңкі иректі тегістіктен тұрады, Жайық өзеніне ауыл еңкіші түсіп тұр. Жайық өзенінің жазықтығындағы орта айлық температурасы 2 градусқа төмен, ал қардың жабыны 10 күннен соң түседі. Атмосфералық жауын-шашындар мен күн жылуын қайта бөлу арқылы жер бедері топырақты қайта шығаруға ықпал етеді. Түрлі климат қалыптастырады. Бөрлі ауылының климаты күрт континентальды, құрғақ. Ортажылдық жауын-шашымның көлемі 240 миллиметрді құрайды. Жаз мезгілі 3 айға созылады. Ең жылы айлар: маусым, шілде, тамыз айлары. Жазда ауа райы ыстық, маусым айында ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі. Қыс мезгілі 4 айдан 5 айға дейін созылады. Ең салқын айлар: желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары. Қыста ауа райы аяз, жел мен аралас қар жауып тұрады. Ауа температурасы - 40 градусқа дейін түседі. Көктем мен күз мезгілдері қысқа болады. Соңғы көктемгі қатқақ маусым айының бірінші жартысында болса, ең алғашқы күзгі қатқақтарды тамыз айының соңғы күндерінде байқауға болады. Аяз соңғы жылдары бұл көрсеткіштерден ауытқып жүр.

Қатты жел шығыс және солтүстік-шығыс жақтан, қыс мезгілінде оңтүстік-батыс жақтан соғады. Жаз мезгілінде жел батыс және оңтүстік-шығыс жақтан болады. Желдің орта жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Қатты жел қыс және күз мезгілінде бақыланады.

Ауыл аймағының топырақ жабыны бірыңғай емес. Ауа, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, топырақ ерекшеліктері жергілікті жер бедерімен байланысты болғандықтан, топырақтың табиғи өзгерісі уақыттың ағысымен жүріп тұрады. Бөрлі ауылының аймағында топырақтың келесі түрлері бар: а) сортаңды-қоңыр, б) қызыл-қоңыр, в) бозғылт-қоңыр.

Өсімдіктер әлемі - топырақ құраушы маңызды фактор болып табылады. Осы тығыз және үзіліссіз байланыстың салдарынан, өсімдіктердің араласып өсуі топырақтың өзгеруімен жалғасады. Ауылдық округтің аймағында 4 өзен бар: Жайық, Утва, Бурла, Еловатка. Каспий теңізіне Жайық өзенінің суы ағады. Утва, Бурла, Еловатка өзендері Жайық өзенінің тараулары болып табылады. Өзендердегі су - тұщы, жергілікті халықтың қажеттіліктеріне пайдаланылады. Ауылдың ауыз суы жеке құдықтардан алынады. Құдықтардағы судың тереңдігі 7 метрден 33 метрге дейін жетеді. Суы тұщы, кейбір жерлердегі су ащылау болып келеді.

Утва, Бурла, Еловатка өзендері тайыз болғанымен, көктем мезгілінде өзен сағаларында құйма шалғындар пайда болады. Кейін шалғындар жақсы шөп егісін жинауға мүмкіндік береді.

 

Утва өзенінің тасқыны

 

Орал өзенінің алқабы