ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Бөрлі жерінде тек қазақтар мекендеген. Бурла өзенінің бойындағы жатаған үйлер мен лашықтардың арасында сол өңірдің ханы Марғамбет Әнбасаровтың жалғыз ағаш үйі алыстан көрініп тұратын. Ханға қарасты 40 шақты лашық, мыңдаған малы мен ұшы-қиырсыз жайлымдық жері болатын.

Қазан төңкерісінің алдында Бөрліден 400-дей түтін болды. Ол Бөрлі болысындағы ең ірі ауыл еді. Мұндағы қазақтар мен татарлар, орыстар мен украиндар мал ұстап, бақша салатын, сауда жасайтын.

Табын-табын жылқысы, ірі қарасы, оларды бағатын он шақты малайы бар, егін салып, көкнәр өсіретін жергілікті бай Гужбедадан ауқатты адам болмайтын.

Ауылда үш кабак, Лысенконың шайханасы, шіркеу мектебі мен министрлік училище болатын. Біріншісінде екі мұғалім мен пірәдар сабақ берді. Ал 4 бастауыш және бесінші, алтыншы сыныбы бар, тек байлар мен көпестердің балалары оқитын.

Екі мектепте 150-160 оқушы болды. Алайда балалар бұл мектептерден тек сауаттарын ашып, діни білім негіздерін ғана алып шығатын.

Бүкіл Бөрлі болысына жалғыз фельдшер болды.

1917 жылы кеңес өкіметін орнату оңайға соқпады. Бөрлі ауылдың кеңесінің алғашқы төрағасы болып бұрынғы батрак Петр Логинович Дуюнов сайланды. Коржанов К. П., Кичайкин Т., Марченко И., Жидовский И., Сухачев И., т.б. революция жолындағы белсенділер еді.

Алғашқы халық полициясының бастығы болған П. Ф. Анкудиновтың айтуынша, сол кездегі Бөрлідегі жағдай аса қиын болды. Кулактардың жағына шыққан халықтың бір бөлігі, саудагерлер қолдан келген қастандықтарын жасап  бақты. Астық ұрлады, малды айдап әкетті, бүлік ұйымдастырды, әйтеуір, ақ қазақтарға қолдарынан келгенше көмектесті.

1919 жылдың көктемінде революцияға қарсы қазақтар көрілгенде, қолға түскен П. Л. Дуюновты ақ қазақтар ауылдың сыртына шығарып шауып өлтірді.

Күзде Кеңес үкіметі ауыл-аймақты ақ қазақтардан тазартып, түбегейлі жеңгеннен кейін, селолық кеңестің тізгінін К. П. Коржов алды.

1920 жылдың аяғында Бөрліде кеңес өкіметі мықтап орнықты. Бірақ жаулар тасадан оқ атуын қоймағандықтан, К. П. Коржов бастаған бандалармен күрес жөніндегі отряд құрылып, кейін ол Т. Фунтиковтың отрядына қосылып, Бөрлі ауданының аумағындағы жауды жойды.

Азаматтық соғыс пен колхоздастыру кезеңіне дейін көп өзгеріс бола қоймады. 1929 жылдан бастап ауылдың келбеті өзгере бастады. Алғашқы ұйымдастырушылардың бірі, «Гигант»  колхозының бригадирі В. П. Лемешконың айтуынша, бұл колхоздың құрамына Бөрлі, Қанай, Утвин, Куйбышев, Ақрап, Карл Маркс елді мекендегі енді. Коваленко Л. И., Рублевский Г. В., Кичайкин М. Т., Девятко И. Е., т. б. колхоз белсенділері болды.

«Гигант» колхозының алғашқы төрағасы қарапайым еңбек адамы Гапотченко еді. 1932 жылы Бөрлі МТС құрылып, оны И. Сеияшин басқарды. 1935 жылы «Гигант» колхозының негізінде «Труд крестьянина», Чапаев атындағы екі артель құрылып, оларға Г. Жиздюк, В. Лемешколар басшылық етті. Чапаев атындағы артельдің 3700-3800 га жері болғанмен, техникасы болмады.

1935 жылы Бөрлі МТС 15 мың га алқаптың 8800 гектарына бидай, 3055 гектарына тары екті. МТС-тің 80 тракторы мен тіркемелі комбайндары болды. Бөрлі МТС техникалық қуаты жағынан ең алдыңғы қатарлы МТС болып есептелді.

1935 жылдың 31 қантарында КАЗЦИК Батыс Қазақстан облысының құрамындағы Бөрлі ауданының құрылғандығы жөніндегі Қаулысын бекітті. Оның орталығы Бөрлі ауылы болды.

Жиырмасыншы ғасырда қатал саяси және құқықтық – құрылым – тоталитарлық кезең болған еді. Сталин құрған ашыққан тоталитарлық жүйесіне  жер бетіндегі бағынбаған адамдар ату жазасына кесілген еді. Сталин режимі тарихта қорқыныш,  зорлық пен зомбылық, түнгі қамауға алу, түзеу – еңбек лагерлері, жазықсыз сотталғандар  ретінде өшпес із қалдырды. Кеңес Одағында белгілі швед  саясаткерінің айтуы бойынша Сталин билігі кезінде 42,6 миллион адам жойылды. 30 – 50 жылдан бері жарты ғасырдан астам уақыт өткенмен, бұл саяси репрессия оқиғалары ұмтылған жоқ. 31 мамыр  саяси  қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні болып табылады. Мұрағаттар көтеріліп, осы саяси құғын – сүргін құрбандарының тізімі анықталып жатыр.

Сонымен қатар 30 -50 жылдары БҚО – да 4000 адам сотталды, солардың ішінде 1330 – ы батысқазақстандықтар.

Бұл жағдай біздің ауылымызда да із қалдырды. Ақсақал Бокаев Мұхтардың айтуынша, Бөрлі ауылында октябрская көшесімен уральская көшесінің қиылысында орналасқан үй 1937-1938 жылдары НКВД ғимараты болған. Бөрлі ауданының архивін ұзақ жыл басқарған ақсақал дәл осы жерде 40 адамның ату жазасына кесілгенін анықтаған. Үлкендер көзіне жас алып, «Талайды басына қап кигізіп, қолын артына қайырып алып бара жатқанын көзімізбен көрдік,  аз уақыттан кейін  жендеттер өздері кері қайтып келетін» деп айтады екен.  Сонымен қатар осы үйден 250 – 300 метрдей жерде орналасқан алып ағаштардың түбінде  сот үкімімен  ату жазасына кесілгендерді атып өлтіріп, сол жерде орға лақтыра салғанын да ертеректе  үлкендер айтыпты. «Мына алып ағаштар – соның куәсі, бұл жерде аталарымыздың сүйегі әлі жатыр, осы маңнан өткенде бет сипап өтіңдер» деп көзі көрген қариялар тапсырған екен.

 

 

        Бөрлі ауданы бойынша ату жазасына 40 адам кесілді. Олар:

 

В. И. Адуцкевич

А. Байсенов

А. А. Балицкий

А. Е. Балыш

Я. А. Валингер

Г. К. Валкирный

С. К. Валкирный

Г. И. Воротынцев

Г. А. Гассан

Гван Чер

Г. С. Геймур

И. С. Грицик

З. Губайдуллин

В. А. Длужневский

И. П. Донец

П. Ф. Емелин

И. Ф. Жигулев

Е. Жумагазиев

А. Избасаров

К. Исемжанов

Ким Енчен

Н. Ким

Н. П. Ким

Ким Сииен

К. Кожахметов

М. Г. Кузьменко

Ли Немо

Ли Сенгу

Ли Сергей

С. Маканов

Лю Секзе

А. М. Мартель

С. Н. Нарницкий

И. А. Переварюха

Ф. Е. Панченко

И. Т. Султанбеков

Тен Бонмок

Д. Утарбаев

П. Г. Черевичный

Е. И. Шкода.

 

Тарихтың осындай қиын кезеңінде әртүрлі халықтардың өкілдері неміс, украин, корей, поляк, чечен, түріктер Қазақстанға жер аударылды. Сол жылдары мыңдаған отбасы құқықтарынан айырылып туған жерлерінен жер аударылды.  Бұл кезең неміс отбасы Г.Дитманның да отбасына зардабын әкелді. 1937 жылы әкесі жазаға тартылып, 1942 жылы отбасы жер аударылды.Осылайша Дитман отбасы  Булдырты ауылына қоныстанады.  Осылай Дитман Вальтер Гергардовичтың балалық шағы шағын үйде аяқталады. Вальтер Гергардович 1936 жылы Самара облысында Сосновка ауылында дүниеге келген.1945 жылы анасы сотталып, балалары  Жымпиты ауылының балалар үйінде  болады. Осында қазақ тілін үйреніп, 10 жасында мектепке барады.Одан кейін металл жонушы мамандығын алып, Орал қаласында жұмыс жасайды. Вальтер Гергардович Жезқазған қаласына апасына көшіп барады.  Жезқазған қаласында автожөндеу заводында жұмыс жасайды.Сонымен қатар Вальтер өзінің сүйікті ісі фотолармен айналысты.Вальтер негізі тігіншілердің отбасынан шыққан. Отбасынан естелік ретінде  Алматы қаласының тігін шеберханасының  механикасы және фотограф мамандығы бойынша білім алады.1965 жылы Бөрлі ауылында болып, кейін Ресейге, Украинаға кетіп, бірақ Қазақстанға қайта оралды. 1992 жылға дейін Бөрлі ауылында быткомбинатта жабылғанынша фотограф болып жұмыс жасады.

     2013 жылы Вальтер Ресейге туыстарына кетіп, 2016 жылы дүниеден озады. 

 

 

В.Г.Дитманның құқығын қалпына келтіру анықтамасы

 

 

Өткен қиыншылықтар өткенімен,  сол кездегі болған оқиғаны  өз көздерімен көрген куә болған адамдар уақыт өте олар да кетеді.  Болашақта «концлагерь» және «репрессия» сөздері жас ұрпаққа жат көрініп, аз танымал болады. 30 – 50 жылдары қорқынышты өлімге душар болып, қаза тапқан адамдар мәңігілік есімізде сақталады.

Өткен күндер жүрегімізде үн қатады, өткен қиыншылықтарды ұмытпай, әрдайым еске алып, алға қадам басып, өткеннің ащы қателіктерін ұмытпауымыз қажет. 

 

 

Бөрлі ауылындағы НКВД ғимараты орналасқан тарихи үй

 

Бұл  қуғын – сүргін жылдары сотталғандардың ату жазасы өткен жер

 

1937-1941 жылдары ауылда 400-дей отбасы өмір сүрді. Колхоз  байып, шаруашылығында 120 жылқы, 100шамалы бұқа, 120 сүтті сиыр, 20 түйесі болды.

Бөрліде 1935 жылы ашылған, сүт тарту және май шайқу бөлімшелері бар сүт қабылдау пункті жұмыс жасады. Мұнда тәулігіне 1100 л. сүт әкелініп, одан 2 жәшік май жасап шығаратын. Бөрлі май зауыты 1948 жылы ашылған, бүгінде жұмыс істемейді.

Толыққанды колхоз болғаннан бергі нағыз тарихы МТС таратылғаннан кейін басталады. 1957 жылы колхозға «40 лет Октября» деген атау беріліп, алғашқы төрағасы М. И. Миронов болды, кейін оны И. С. Садомсков алмастырды.

 

 

«40 лет Октября» колхозының механизаторларын егістікке салтанатты түрде шығарылуы

 

 «40 лет Октября» колхозының механизаторлары Джумагулов А., Ергалиев Ж.

 

Республикада колхоздардың ішінде еңбекақы төлеу жүйесіне алғашқы болып көшкен «40 лет Октября» колхозы болды. Колхозшылардың әлауқаты арта түсті. 1976 жылы колхоздың ауылшаруашылық жерлері 37000 гектарды құрады. 22940 гектарды алып жатқан шабындықтың көлемі 1929 жылмен салыстырғанда, 11 есе көп болды. Әртүрлі маркалы 123 трактор, 87 астық жинайтын комбайн, 55 автокөлік болды. Астықтың орташа өнімділігі 16 ц құрап, сол жылы мемлекет қамбасына 200 мың центнер астық құйды.

   Бөрлі ауылында тұратын отбасылар саны 650-ге жетті.

 

80-жылдары «40 лет Октября» колхозының ұжымы

 

Сол жылдары «40 лет Октября» колхозының комбайыншысы, Социалистік Еңбек Ері Богатырев Михаил Ивановичтің атағы шарықтап тұрды.

Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарының тарихының да ауыл өмірінде өзіндік маңызы бар. СОКП Орталық Комитетінің Қаулысынан кейін Бөрлі МТС пасторгі Б. Трифоновты Горький қаласына іссапармен жібереді. Ол жақтан механизатор мамандар келуі тиіс болатын. Горькийде ауданның 3 МТС үшін 350 механизатордан тұратын отряд жасақталды. Алғашқы  тың игерушілердің қатарында А. Е. Загуменнов, С. Д. Сонин, В. Кукло болды. Олар келісімен механизаторлар куырсын ашып, жергілікті жігіттерді тракторы жүргізуге үйретті.

Қатал да қатаң тың мектебінен сүрінбей  өткендердің барлығы «Тыңды игергені үшін» медальдарымен марапатталды.

Колхоздың тарихында қиындықтары да қуаныштары да көп болды. Соған қарамастан, ұжым өсіп, өркендей берді, өнім өндіру артты, адамдардың өмірі жақсарды.

 

Кукло В., Сонин С. Д., Литвиненко Ф., Фомин

 

Ауғаныстағы соғыс тек қана өлім мен жарақаттану, психиканың бұзылуы ғана емес, сонымен бірге батылдық адалдық ,достыққа үйретті. Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентімен  берге Середа В.В., Кичайкин В.М., Кузембаев С., Бабенко Э. қолдарына қару алып, халықаралық міндетін немесе әскері міндетін өмірлеріне қауіп төніп тұрса да орындап, халық құрметіне лайық ерлік көрсетті.

2018 жылдың 01 қаңтарының жағдайы бойынша ауылдық округ халқының саны  4026  жанды құрайды, үйлер саны 1151.

Округте қазақ және орыс тілдерінде  жалпы білім беретін 2 мектеп қызмет жасайды. Білім алушылар саны 541; Бөрлі ауылшаруашылық коллледжінде күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде 353 білім алушы; «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» Мемлекеттік мекемесі; 2010 жылы ашылған  жалпы типтегі қарттар мен мүгедектерге арналған 50 орындық интернат үйі; ауылдық дәрігерлік амбулатория; мектеп жанындағы 100 орындық интернат; 50 орындық балабақша;2016 жылы ашылған «Ақсұңқар» бөбекжайы; Мәдениет үйі; кітапхана; №9 өрт сөндіру бөлімі;  Ұзын саны 13 мемлекеттік мекемелерде қызмет жасайтын бөрліліктер  411 адам.

Тіркеуге 2 ЖШС, 12 шаруашлық қожалықтары, 103 жеке кәсіпкерлер алынды.

Жеке меншік аула бойынша жүргізілген мал – құс санағының мәліметтері бойынша ЖШС, ШҚ, ЖК, округ тұрғындардың жеке шаруашылықтарында 1410 бас ірі қара, 1824 ұсақ мал, 321 бас жылқы, 45 доңыз, 2864 бас құс тіркелген.

 Ағашты өңдеу цехы, жол бойындағы кафе, мал сою алаңы,көбіктібетонды блок өндірілетін шағын цех өз өнімдерін жергілікті халыққа ұсынады.

Жеке меншік тұрғын үйлердің 91 % газбен жабдықталған. Сандық автоматтандырылған телефонды станциясы арқылы 1088 абонент байланыспен қамтылған. Ұялы байланыстың  4 қабылдағышы орнатылған (Билайн, Kcell, Теле-2, Актив).

2010 жылы 60 үйлі «Самал» шағын ауданы салынды. Бөрліліктер болашаққа үлкен үміт артады. Алдағы уақытта жеке тұрғын құрылысын бастау үшін 692 азаматтың өтініші тіркелген. Қазіргі таңда 95 % үй газдандырылған. Есеп беру кезеңінде Бөрлі ауылында үлкен өзгерістер болды. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2017 жылы Бөрлі ауылы ауыз суымен қамтылды.