І. Жалпы ережелер

  1. Кітапхана өзінің қорын пайдалануды, сақтауды, толық және тиімді жинақтауды қамтамасыз ете алады, мүмкіндігіне қарай, қоғамның экономикалық, саяси-әлеуметтік және рухани өркендеуіне көмек береді, қоғам мүшелерін ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды.
  2. Кітапхана өз қорына кіретін кітаптармен, кезеңді басылымдармен және басқа материалдармен қоғамдық пайдалануын ұйымдастырады.
  3. Кітапхана қызметімен азаматтар, балалар, кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың қызметкерлері пайдалана алады.
  4. Кітапхана қызметін пайдалану – ақысыз.

 

ІІ. Кітапханаға жазылу тәртібі

 

     Тұтынушы кітапханаға жазылу үшін төлқұжатын, одан бөлек оқырман формулярын  толтыруға қажетті өзге де өзі жайлы мәлімет беруіне міндетті. 
     Кітапханаға жазылар алдында оқырман, кітапхана ережесімен танысып, оларды орындайтындығын оқырман формулярына қол қою арқылы растауға тиіс

 

ІІІ. Кітапхананы пайдалану реті

 

- Кітапхананы тұрғылықты жеріңізде, оқуда және жұмыс орныңызда да өз еркіңізбен пайдалана аласыз.

- Кітапхананың оқу залы мен Интернет арқылы көрсетілетін ақпараттық көмекті қолданумен, баспа туындыларын пайдалануға болады.

- Көп сұраныс болатын жаңа кітаптар мен басылымдардың берілетін мерзімі кітапхана әкімшілігімен анықталады.

- Бір даналы анықтамалар, бағалы және сирек кездесетін басылымдар тек қана оқу залында пайдалануға беріледі.

- Оқырмандар сұраныс болмаған басылымды пайдалану үшін мерзімін екі рет ұзартуға құқы бар.

-  Кітапханада өткізілетін барлық іс-шараларға қатысуға болады.

- Оқырмандарға кітапханаға сырт киіммен, қолшатырмен, портфельмен, іші көрінбейтін пакеттермен және үлкен сумкалармен, азық-түлікпен, фотоаппаратпен, магнитафонмен т.б. кіруге тиым салынады.

 

IV. Оқырмандар міндеті

 

- Кітапхана қорынан алынған баспасөз өнімдері мен басқа да құжаттарды ұқыпты ұстау, оларға ешқандай белгі түсірмеу, оның беттерін кеспеу әрі майыстырмау, оны кітапханадан алып шықпау; 
- Кітапханаға кіргенде сырт киімі мен сөмкесін киімілгішке тапсыруға, бағалы заттары мен ақшасын қалдырмауға, ұялы телефонын өшіріп қоюға міндетті;
- Кітапты пайдаланар алдында мұқият қарап алуға, жыртылған не бүлінген жерін байқаса, дер кезінде кітапханашыға көрсетуге, керісінше жағдайда өз мойнына алуға;
- Кітапхана қорынан алынған кітаптарды ұқыпты ұстауға, олардың сақталуын қамтамасыз етуге; 
- Кітапхананың жиһаз- мүліктеріне, компьютер техникасына мұқият қарауға; 

 

V. Кітапхана міндеті

 

- Оқырмандарға кітапхана қызметін пайдалануға ыңғайлы жағдай жасауға.
- Толық мазмұн бойынша және уақытылы  мерзімді  оқырман сұранысын қанағаттандыруға.
- Кітапханалық, библиографиялық, ақпараттық қызметін жаңартып тұру.
-  Оқырмандарға жоғары мәдени қызмет көрсетумен керекті іс-деректерді таңдауға көмек көрсету, олардың анықтама-библиографиялық және ақпараттық материалдарды пайдалануға беру, кітап көрмелерін жаңа әдебиеттерді қарайтын көрмелерді және басқа шараларды ұйымдастыру жолын табу;
- Оқырман сұраған деректер жоқ болса, кітаптар аралық абонементпен сұраныс жасау.
- Оқырмандарға берілген басылымдарды уақытылы кітапханаға қайтаруды бақылау.
-  Сұранысы жоғары басылымдарды пайдалануға беру мерзімін қысқарту.
- Бұрын берілген мерзімі аяқталған басылымдарды алған соң ғана келесі басқа басылымдарды үйге беруге болады.
- Оқырмандарға басылымның пайдалану мерзімі аяқталған он күннің ішінде қайтаруын немесе мерзімін ұзартуын еске түсіру. Егер осы айтылған мерзім ішінде басылым қайтарылмаса, оқырманға талап ету хатын жіберу  немесе телефон арқылы ескерту. 

 

 VI. Кітапхана қызметі

 

  • Библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету
  • Әдебиеттің тақырыптық тізімін құрастыру
  • Әдебиетті тақырып бойынша іріктеу

 

Кітапхананың  жұмыс кестесі:

 

Кітапхана оқырмандары үшін  9.00-ден -18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Үзіліс 13.00-ден - 15.00-ге дейін.
Сенбі күні  9.00-ден 14.00-ге дейін  үзіліссіз жұмыс істейді.

Демалыс күні – жексенбі.
Әр айдың соңғы  күні – тазалық күн.

Анықтама телефоны: 50-5-43