Бөрлі ОКЖ - де ең алғашқы кітапханалардың бірі болып 1930 жылдарда Бөрлі кентінде оқу үйі түрінде кітапхана негізі қаланып, ол кішкене жертөле үйде орналасты.Кеңес үкіметі кезінде коммунистер мен комсомолдардың бірлесіп, қолдауымен қызыл бұрыш бөлмесі болып өзгеріп, бертін келе ауылдық кітапхана болып ашылды.

    Алғашқы кітап қоры 1324 дана құрап, оқырмандар саны 300 ге жуық болды.Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде кітапхана қызметкерлері еңбекке жаңа көзқарас тәрбиесімен қарау керектігін жауапкершілікпен түсініп, жаңа адамгершілік қатынасына бет бұру қажеттігін

терең үңіліп шешуге бағыт алды.Тың игерушілермен бірге вагондарда тұрып, тұрақ бастарында қызыл бұрыштар жасап, насихаттау жұмыстарын жандандырды, әр бригада басында өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарады. Газ және электр жарығы жоқ вагондарға жеткенде қиын да қызу күн ұзағында жұмыстан шаршаған адам дәрменсіздікпен жатуға асығады. Дегенмен кітапсыз өмірді жақтырмады. Осындай күндердегі кітапханашылардың ұйымдастыруымен кешкі ұжымдық дауыстап кітап оқыған кезеңдер тың игерушілердің есінде мәңгілік сақталып, ерекше әсермен есте қалды.

      Ауыл кітапханасы соғыстан кейінгі жылдарда ауыл тарихында ерекше орны бар мәдениет ошақтарының біріне айнала отырып түрлі көпшілік іс-шаралар өткізіліп тұрды.Кітапханашылар оқырмандармен драмалық үйірмелер ұйымдастырып, үлкен саяси жұмыстарға араласа жүріп, зор үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

     1947-1952 жылдар аралығында жұмыс істеген соғысқа қатысқан Ұлы Отан соғысының мүгедегі, кітапханашы Грушаның ерен еңбегі айтарлықтай. Сол кездегі қол жеткен игі істер жалғасының тарихы түгелдей 1952-1985 жылдары істеген Қазақ СССР мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкері В.С.Журавлевамен тығыз байланысты.Ол Орал қаласынан шағын Бөрлі кентіне өз еркімен келіп, ауыл тұрғындарына қызмет көрсете бастады.Жұмыстың көңілінен шыққандығы сондай, алда өз мамандығына сай кітапхана жұмысын оқып,үйренуге белсене кірісті. Ол Семей қаласындағы кітапхана техникумын сырттай оқып бітіріп, кейін Москва қаласындағы өнер институтын тамамдады. В.С.Журавлева басқарған кітапхана аудандағы ең жоғары дәрежедегі кітапхана болып келеді. Кітапханада өлкетану жұмыстары үнемі, белсенді түрде жүргізіліп отырады. Бөрлі ауылының тарихы және «Октябрьдің 40-жылдығы» ұжымшарының тарихы туралы альбомдар жасалды. В.С.Журавлева жазушы Н.Корсуновпен таныс болды. Ол кітапхана жұмысы туралы «Фермаға үгітшілер келді» деген очерк жазды.

   Кітапханада «Кітапхана» атты қабырға газеті үзілмей шығарылып тұрды.Онда аудандық мәдени ағарту мекемелерінің өмірі мен қызметтері туралы баяндап, үздік кітапханалардың іс-тәжірибесін насихаттап, үгіттеді. В.С. Журавлева өз жұмысын аса ынта–құлшыныспен істеді. Облыстық кітапхана Бөрлі ауданы кітапханасының сол кездегі еңбек тәжірбиесін бірнеше рет қортындылап, үлгі ретінде таратты. Кітапханашылар оқырмандар конференциясы мен әдеби кештерді тікелей өндірістік учаскелерінде өткізіп отырды.1976 жылы кітапханаларды орталықтандыру аяқталды, соның негізінде аудан кітапханасы болып келген Бөрлі кітапханасы №29 филиалы болып қайта бекітілді. 1970-1980 жылдары «Озат жұмысты кітапханашы» атағын иеленіп келді.

 

Журавлева В.С. пошта бөлімшесінің  қызметкерлерімен

 

         Бүгінгі таңда кітапхана меңгерушісі И.Г.Буянкина. Кітапхана ның кітап қоры 29305 дана, оның ішінде қазақ тілінде 4773 дана.Кітапхана негізінен ауыл тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыра отырып, өлкетану, Қазақстандық әдебиеттерді насихаттау барысында әр алуан жұмыстар істелінуде.Кітапхана мақтанышы «Бүкіл әлемдік әдебиет», «Дүниежүзілік балалар әдебиеті» және белгілі жерлес, жазушы Н.Ф.Корсуновтың қолтаңбаларымен сыйлаған кітаптары. Бөрлі кітапханасында Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, белгілі адамдармен кездесу кештері жиі өткізіліп тұрады. Осындай отансүйгіштікке баулитын іс-шараларды өткізе отырып, кітапханашылар осы тақырыптардағы әдебиеттерді де дер кезінде насихаттап отыр.

 

 

 

       2015 жылы 25 ақпанда  Бөрлі ОКЖ-нің Бөрлі модельді (үлгілі) ауылдық кітапханасының ашылу салтанаты болып, модельді кітапхана төлқұжаты табысталды.